Адамдардың қандай аурулардан ұйықтап жатып «жүріп кететіні» белгілі болды
Адамдардың қандай аурулардан ұйықтап жатып «жүріп кететіні» белгілі болды
6 ай бұрын 1601 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Нақты қандай да бір дерті жоқ адамның ұйқыда жатып қайтыс болу қатері төмен болады. Бұл жайында islam.kz порталы IFLScience мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар ұйықтап жатып «жүріп кетудің» адам организімінің үш негізгі ағзасымен, атап айтқанда, жүрекпен, өкпемен және мимен байланыстырады. Ұйқыда жатқан адам аталған ағзалардағы кінәратқа реакция таныта бермейді. Мәселен, адам өңінде аз уақытқа жүрегі соқпаса, мұны дереу байқап, жәрдемге жүгінеді. Ал ұйқыда жатқан адамға мұндай симптом беймәлім.

Жүрек. Nottingham University Hospitals NHS Trust респираторлық медицина кеңесшісі, дәрігер Милинд Соуанидің айтуынша, ұйқыдағы барлық өлім-жітімнің шамамен 90% -ы жүректің кенеттен тоқтап қалуына (SCA) байланысты орын алады. Коронарлық артерия ауруынан, жүректің ұлғаюынан зардап шегетін немесе жүрек соғысы бір қалыпты емес адамдардың ұйықтап жатып дүниеден озу қатері жоғары. Әсіресе, түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейінгі аралықта «жүріп кету» қатері жоғары. Ұйықтап жатып жантәсілім ететіндер арасында әйелдер қарасы көп.

Тыныс жолдары. Ұйқы кезіндегі абструктивті апноэ, яғни, тыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің кенеттін жабылып қалуынан зардап шегетіндердің түнгі 24:00 пен таңғы 6:00 аралығында қорылдамайтын адамдарға қарағанда өліп кету қатері 2,5 есе жоғары болып келеді. Тыныс жолдары бұлшықетінің тарылуынан тыныс ала алмай қалады. Десе де білікті мамандар апноэнің өзінен адам өлмейтінін алға тартып отыр, осындандай күйге әкелген факторлар мен себептерден адам көз жұмады.

Ми. Эпилепсия ұстамадан (SUDEP) адамның кенеттен жан тапсыру қатері жоғары. SUDEP, яғни, талманың себептері әлі толық ашылмаған, дегенмен, бұл тараптағы кейбір зерттеу нәтижесі ұйқы кезінде құрысу қаупінің артатынын көрсетіп берді. Сондай-ақ, инсульт те кенеттен түнгі өлімге әкелуі мүмкін. Барлық инсульттың төрттен бір бөлігі ұйқы кезінде орын алады.

0 пікір
Мұрағат