Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге жәрдемақы төленеді
Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге жәрдемақы төленеді
7 ай бұрын 762 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2024 жылдан бастап Португалияда тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендер жұмыссыздық бойынша жәрдемақы ала алады. Бұл жайында islam.kz порталы euro-pulse ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл жәрдемақы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны ретінде ресми танылған тұлғаларға төленеді. Аталған еуропалық ел заңнамасында қарастырылған тааптарға сәйкес мұндй мәртебе сот шешімінен соң берілетін арнайы құжатпен расталады. Егер мұндай мәртебеге ие болғандар өз еркімен еңбек келісім-шартын бұзса да жұмыссыз мәртебесі сақталады, яғни, жәрдемақы алуға құқылы болады. Португалия министрлер кабинетінің түсіндіруінше, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар жәбір көрсетушіге қаржылық жағынан тәуелді болып келеді. Жәрдемақы оларға жаңа өмір бастауға көмектесуі мүмкін.

0 пікір
Мұрағат