Адамның көп ұзамай бақилық болатынын аңғартатын белгі аталды
Адамның көп ұзамай бақилық болатынын аңғартатын белгі аталды
1 жыл бұрын 4344 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

65 жас шамасынан бастап, қимыл-қозғалыс функцияларының нашарлауы (мәселен, орнынан тұруы немесе отыруы, киінуі, т.б. қиындаса) адамның көрер жарығының аз қалғанынан хабар беретін белгі ретінде аталып отыр. Франция мен Ұлыбритания ғалымдары осындай тұжырымға келіп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған The BMJ мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мамандар бұл тарапта 1985-88 жылдары  Whitehall II зерттеуіне өз еркімен қатысқан, жасы 35-55 аралығындағы алты мыңдай азаматтың дерегін сараптаман өткізген екен. Дәлірегі, адамның әлеуметтік, мінез-құлық және денсаулығына қатысты биологиялық факторлардың ұзақ мерзімдегі әсерін зерделенген. 2007-2016 жылдар аралығында тәжірибеге қатысушылар үш мәрте қимыл-қозғалыс функцияларын бағалау сынағынан өткен болатын. Онда адамның жүру жылдамдығы, отырған орнынан көтерілу уақыты, қандайда бір затты ұстау кезіндегі күш-қуаты, сондай-ақ, киіну, әжетхананы пайдалану, ас әзірлеу, азық-түлік сатып алу, т.б күнделікті тұрмыстық әрекеттеріне қатысты көрсеткіштері қадағаланған. Содан соң 2019 жылдың қазан айында себебіне қарамастан тәжірибеге қатысушылардың өлімі тіркеліп отырған. Ғалымдар әлсіз қимыл-қозғалысты аал қатерімен байланыстырып отыр: жүру жылдамдығының 22 пайызға, қандай да бір затты ұстаудағы күш-қуаттың 15 пайызға және орнынан тұру уақытыныі 14 пайыздығы кемдігінің өзі мезгілінен бұрын өлу қатерін 30 пайызға арттырған.

Ұқсас материалдар:

«Ажалы жақын қалғанын адамның көз қарашығынан да анықтауға болады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalganyn-adamnyn-koz-qarashygynan-da-anyqtauga-bolady-15528/#gsc.tab=0);

«Адам ажалына 2-3 күн қалғанда білінетін белгілер аталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-ajalyna-2-3-kun-qalganda-bilinetin-belgiler-ataldy-15292/#gsc.tab=0);

"Адамның ажалы жақын қалғанын білдіретін белгілердің бірі аталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-ajaly-jaqyn-qalganyn-bildiretin-belgilerdin-biri-ataldy-13231/#gsc.tab=0);

"Ажалы жақын қалған адамның қандай түстер көретіні анықталды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajaly-jaqyn-qalgan-adamnyn-qandai-tuster-koretini-anyqtaldy-13190/#gsc.tab=0);

«Ажал калькуляторы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/ajal-kalkulyatory-jasaldy-15480/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат