Организмнің тозуын болжайтын тәсіл табылды
Организмнің тозуын болжайтын тәсіл табылды
3 жыл бұрын 1335 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қан анализі бойынша стресс деңгейін бағалаудың жаңа тәсілі әдетте қартаюдың табиғи процесімен байланысты организмнің тозуын болжауға мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Жаңалықтар» ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Белфаст королдік университетінің ғалымдары адамның болашақтағы денсаулық жағдайын алдын ала анықтауға әрі денсаулығына байланысты бес жылға дейінгі адам өмірінің сапасын болжауға мүмкіндік беретін биомаркер жиынтығын пайдалануға болатынын алға тартып отыр. Ұлыбританияның ересек тұрғындарының шамамен төрттен бірінің бойынан, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық ағдайы мәз емес тұрғындарының арасынан екі немесе одан да көп созылмалы аурулардың барын анықтаған. Бүгінде стреспен байланысты қартаю процесі созылмалы ауруларға шалдықтырып жатыр және мезгілінен ерте қайтыс болуына себеп болуда. Жеті мыңнан аса қан үлгісін зерделеген ғалымдар аллостатилік салмақтың (AL) "рейтингісін" түзген екен. Осы «рейтингке» қарап, адам денсаулығына төнген қауіп-қатерді бағалауға болады. Ғалымдар AL көрсеткішін түзу үшін адамның жасы мен табысын, білімін, дене жаттығуына бөлетін уақытын, диетасын ескере отырып, денсаулығын бағалауға көшкен. Соның ішінде, адамның өз-өзін қаншалықты бағалайтыны секілді психологиялық тесті де ескерген. Қан анализіне негізделген ллостатилік салмақ турады ақпарат өз кезегінде өмір сүру салтын өзгертудің катализаторы ретінде қызмет ете алатынын, осылайша мезгілінен ерте қартаюдың әрі ажалдың алдын алуға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат