Алғашқы электрлі ине лазері пайда болды
Алғашқы электрлі ине лазері пайда болды
4 жыл бұрын 1957 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық ғалымдар кез келген электрлі схеманың тиімділігін арттырып, тездететін электрлі ине лазерін жұртшылықтың назарына ұсынып отыр. Онда алғаш рет германия мен олова қорытпасы пайдаланылды. Яғни, Аризона штаты университетінің, Бостон қаласындағы Массачусет жоғарғы оқу орнының және Нью-Гемпширдегі дартмут колледінің ғалымдары германилілік қосындыдан электрлі ине лазерін ойлап тапты. Бұл диодты лазерді электрлі құрылымдардағы схемалар үшін жартылай өткізгіш материал ретінде пайдалануға болады. Сынақ кезінде аталған лазер -135°C-та да жұмыс істеп, тиімділігін көрсетті. Ғалымдар аталмыш технологияны қолданысқа енгізуді ұйғарып отыр. Осы мақсатта Арканзас штатындағы жартылай өткізгіш құралдарын өндіретін Arktonics компаниясымен ынтымақтастық орнатты. Ғалымдар өздерінің бұл әдісін лазерлік интеграцияның үлкен жетістігіне балап отыр. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Германия мен олова қорытпасы электрлі схемаға, мәселен, компьютерлік чип пен датчикке оңай кірігетін, болашағы зор жартылай өткізгіш ретінде алға шығады. Бұл материал ақпаратты жеткізу мен зондтау үшін жарықты пайдаланатын электрондық компоненттер энергиясын аз тұтынатын арзан, жеңіл, шағын құрылғыларды жасауға ол ашуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат