Арам шөпті жоюда тиімділігі қоршаған ортаға зиянды гербицидтен кем түспейтін көбік жасалды
Арам шөпті жоюда тиімділігі қоршаған ортаға зиянды гербицидтен кем түспейтін көбік жасалды
2 жыл бұрын 1824 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Афина ауылшаруашылық университетінің ғалымдары британдық Weedingtech компаниясының Foamstream субстанциясын сынаудың бірінші кезеңін аяқтады. Бұл жайында islam.kz порталы weedingtech.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша қоршаған ортаға залалы көп гербицидтерді алмастыратын жаңа арамшөптермен күресу құралының тиімділігін бағалады. «Фоамстримнің» («Foamstream»)  басты артықшылығы – ол қолданғаннан кейін қауіпсіз ыдырайтын және гербицидтер сияқты табиғатқа зиян келтірмейтін биологиялық компоненттер негізінде жасалған. «Foamstream»-нің жұмыс принципі жоғары температураның көмегімен арамшөптерді жоюға негізделген - іс жүзінде олар бумен күйдіріледі. Бұл әдіс жаңа емес, алайда, арам шөптерді түп-тамырымен жою үшін пайдалану қиын болды, өйткені, жылу ашық ауада тез таралып, тиімділігін жоғалтатын. Енді британдық физиктер арамшөпті жою үшін буды сейілтпей ұзақ ұстайтын көбік жасады. Көбік өсімдік майы мен майдың қосындысынан жасалады, оны бүрку алдында ғана қайнаған сумен араластырады, көбік кепкен соң тыңайтқыш түріне айналады. Грек зерттеушілері қыша арамшөптеріне (Sinapis arvensis) бағытталған Foamstream көмегімен бірнеше зәйтүн тоғайларын өңдейді. Сонымен қатар, оларды пеларгон қышқылымен және глифосатпен өңдеді - біріншісі - табиғи гербицид, екіншісі - синтетикалық. Бұл тараптағы тәжірибе нәтижесінде «Фоамстрим» арамшөптермен күресудің басқа түріне қарағанда 81-96% тиімдірек екені анықталды. Оның жылдамдығы глифосатпен бірдей жоғары болды, алайда, глифосат улы болып саналады, оның үстіне, ол биологиялық ыдырайтын көбік емес.

Foamstream

Ұқсас материал:

«Арам шөпті өзі тауып, өзі жұлатын робот құрастырылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/aram-shopti-ozi-tauyp-ozi-julatyn-robot-qurastyryldy-video-17342/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат