Исламофобияны институциялауға талпынып отыр
Исламофобияны институциялауға талпынып отыр
1 жыл бұрын 1278 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дания билігі тағы да исламофобияның институционалды түрін көрсетті – олар иммигрант текті мұсылмандарды «қылмысқа бейім бейтаныс адамдардың» жеке санаты ретінде көрсететін елдердің жаңа классификациясын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Иммиграция және интеграция министрлігі бірқатар елдерді бір қарағанда географиялық (діни деуге келеді) негізде біріктіретін жаңа статистикалық топты енгізді. MENAPT блогына Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Пәкістан және Түркия кіреді. Аталған министрлік өкілдері MENAPT блогындағы елдерден келгендердің жұмысқа тұруы қиын әрі қылмысқа бейім болып келетінін мәлімдеген, сол себепті, бұл елдерден келгендерге елде тұру немесе азаматтық беру өтініштері қанағаттандырыла бермеуі мүмкін. Бақылаушылардың айтуынша, Израил, Эритрея және Эфиопия да географиялық негізде MENAPT-ке қосылуы керек еді, алайда, олар Дания үкіметінің бұл тізімінде жоқ. Аталған елдер мұсылман емес болғандықтан бұл тізімге кірмеген. Дания билігі мұсылман иммигранттарын ғана осындай статистикалық шектеу енгізген. «Саясаткерлердің мұсылман үміткерлерін басқа батыстық емес иммигранттардан ажырату үшін нақты статистикалық құралы болса, оларға мұсылмандардың азаматтық өтініштерін елемеу мүмкіндігі беріледі», деді бұл тарапта өз ойын білдірген дат әлеуметтанушы сарапшысы Аман Хасан

0 пікір
Мұрағат