|
Артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілі белгілі болды
|
Женева Университетінің ғылыми қызметкерлері артық салмақтан арылу үшін қолайлы жыл мезгілін анықтады.
Арықтау үшін қыс мезгілі қолайлы екен. Зертханада егеуқұйрықтардың көмегімен зерттеу жүргізген ғалымдар осындай пайымға келді.
Осылайша, +6-тен +10 градус аралығында Цельсия температурасында кемірушілер салмақтан екі есе көп арылған. Бұл суық кезде семірумен байланысты микроорганизмдердің жойылуы салдарынан болады екен.
Сондай-ақ, қыста арықтауға көмектесетін арнайы гормондар бөлінеді.
Бұл тәжірибе негізінде ғалымдар арықтау үшін қолайлы кезең қыс мезгілі деген тоқтамға келді. Бұл үшін спортзалдарға барудың қажеті жоқ. Таза ауаны жұтып серуендеуге көп уақыт бөлген жеткілікті, деп жазды «informing.ru» ақпарат көзі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды