|
Азық-түліктің бұзылғандығын хабарлайтын тоңазытқыш ұсынылды
|
"Samsung" компаниясы Лас-Вегаста өтіп жатқан Consumer Electronics Show 2016 көрмесінде ерекше тоңазытқышты ұсынды, деп хабарлады www.24.kz.
"Family Hub" тоңазытқышы функциялары жағынан адамнан ешбір қалыспайды. Оның басты қызметі - ішінде тұрған азық-түлік пен тамақ өнімдерінің жарамдылығы немесе бұзылғандығын иесіне хабарлау. Сондай-ақ Family Hub іште тұрған қай тамақтың жуық арада таусылатынын айтып береді. Бұл ақпаратты ол өз иесінің смартфонына жібереді. Қажетті күйге келтірілген жағдайда, тоңазытқыш ғаламторда азық-түлікке тапсырыс та береді. «Ақылды тоңазытқыш» көптеген функцияларды үлкен экраны арқылы атқарады, деп жазады mixnews.lv.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Қытай пайдалы қазбаларды сақтаудың үш деңгейлі жүйесін енгізеді