Бір чипке өзара байланысты бірнеше ағзаны сыйдырды
Бір чипке өзара байланысты бірнеше ағзаны сыйдырды
2 жыл бұрын 1099 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Kacey Ronaldson-Bouchard/Columbia Engineering

Колумбия университетінің инженерлері адам тінінен өсірілген, өзара байланысты бірнеше ағзаны бір чипке сыйдырып, алғаш рет жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Biomedical Engineering мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Колумбия университетінің медициналық орталығы мен колумбиялық инженерлік және қолданбалы ғылым мектебінің ғалымдары конструкцияланған адам жүрегінен, сүйегінен, бауырынан және терісінен тұратын чипті жұртшылық назарына ұсынған. Жекелеген ағзалар өзара циркуляциядағы, яғни, айналымдағы иммундық жасушалар қамтылған қан тамырлары арқылы байланысқан. Ғалымдар бұл тарапта тіндердің жеке фенотиптерін сақтай отырып, олардың арасындағы байланысты қамтамасыз ету күрделі мәселе болғанын алға тартқан еді. Ғалымдар қолдан өсірілген тіндер үшін жеке орта жасап, айналымдағы жасушалар мен биологиялық белсенді факторларды тасымалдайтын тамыр ағындарын моделдеген. Инженерлер тамыр ағынының рециркуляциясы органдардың адам ағзасындағыдай байланысуына мүмкіндік беретінін атап өтеді. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Кейси Роналдсон-Бушардың айтуынша, пациенттен алынған тіндердің үлгісін пайдалана отырып, адам организіміндегі ағзалар секілді болуы үшін, яғни, жұмыс істеуі үшін әрбір ағзаны жеке-жеке өсіруге тура келген. Бұл бағытта ғалымдар әрқайсысының оңтайландырылған ортада тіндік модулдерін жасаған және оларды селективті өткізгіш эндотелий тосқауылымен жалпы тамыр ағынынан бөлген. Жеке ұлпа (тін) орталары эндотелий тосқауылдары арқылы және тамырлы қан айналымы арқылы байланысады. Сондай-ақ, ғалымдар макрофагтарды тудыратын моноциттерді тамыр айналымына енгізді, өйткені, олардың жарақатқа, ауруға және терапиялық нәтижелерге тіндік реакцияларды бағыттаудағы маңызы зор. Инженерлер барлық тіндердің шағын қан үлгісінен алынған, адам индукциялаған плюрипотентті діңгекті жасушаларының бір сызығынан алынғанын атап өтеді. Бұл тәсіл нақты пациенттер үшін жеке зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер ашады. Колумбия университетінің биомедицина инженергиясының, Микати қорының медицина ғылымдарының профессоры, осы жобаға жетекшілік еткен Гордан Вуняк-Новакович бұл жобаны дайын өнімге айнадыру үшін ондаған жыл кеткенін әрі жүздеген тәжірибе жүргізілгенін, кһптеген прототиптердің әзірленгенін, ақыр соңында осындай айрықша платформаның өмірге келгенін мәлімдеді.

0 пікір
Мұрағат