Ғалымдар Дарвин теориясын теріске шығара отырып, эволюцияның жаңа теориясын ұсынды
Ғалымдар Дарвин теориясын теріске шығара отырып, эволюцияның жаңа теориясын ұсынды
7 ай бұрын 1342 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Табиғи сұрыпталуға негізделген Чарльз Дарвиннің эволюция теориясы тек тірі тірiілік иелеріне ғана қолданылған. Осы олқылықты ескерген ғалымдар әлемдегі көптеген объектілердің эволюциясын түсіндіре алатын табиғи заңдылықтың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Дәлірегі, Дарвин теориясында кездеспейтін «Табиғаттың жоқ заңы» деп аталатын жаңа тұжырымдамасы тірі емес обьектілерге қарата қолданылатын болады. Бұл жайында islam.kz порталы Axios сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш тұжырымдама бойынша күрделі табиғи жүйелер үлкен әр алуандылық пен күрделі сипатына қарай дами алады. Сондай-ақ, атомдар, планеталар және жұлдыздар сияқты тірі емес жүйелерде тірі организмдер үшін Дарвин сипаттағанға ұқсас эволюциялық сұрыптау жүруі мүмкін екендігі ескеріледі. Бұл тұжырымаманың негізгі аспектілері мыналарды қамтиды:

- Тұрақтылық – ұдайы даму үшін атомдар мен молекулалардың тұрақты конфигурацияларын іріктейді;

- Инновация – жүйелердің жаңа қасиеттері мен мүмкіндіктердің пайда болуына әкелетін жаңа конфигурацияларды алу мүмкіндігі;

- Жүйенің негізгі процестерді жалғастыру мүмкіндігі.

Ғалымдар бұл табиғаттың жаңа тұжырымдамасы өз кезегінде эволюция мәнін тереңірек түсінуге жаңа мүмкіндіктер беретінін алға тыртып отыр.

0 пікір
Мұрағат