Гипотеза расталды: сананың мидан бөлек болатыны анықталды
Гипотеза расталды: сананың мидан бөлек болатыны анықталды
2 жыл бұрын 1450 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тараптағы таяуда жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сана ми зақымдалса да жұмыс істей береді. Бұл жайында islam.kz порталы esoreiter ақпарат көзіне және аталмыш зерттеу материалы жарияланған Near-Death Studies мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, төтенше жағдайда адам санасы мидан бөлек жұмыс істейді. Александр Баттиани есімді Вена университетінің сананы зерттейтін профессоры өлімге жақын тәжірибе деп аталатын мыңға жуық жағдайды зерттеп, қыруар іс тындырды. Александр Баттианидің зерттеу барысында миынан ауыр жарақат алған адамдардың мүлдем жарақат алмаған адамдарға қарағанда көбірек көре алатынына көз жеткізген – өлім қатері аса жоғары бас жарақатынан аман қалған адамдардың жартысынан көбі қалғандарына қарағанда әлдеқайда байқампаз әрі сау адам назары түспейтіндерді де көре алатынын алға тартып отыр. Басқа зерттеуде субъектілердің 74%-ы төңірегінде не болып жатқанын жақсы білген. Естеріңізде болса, осыдан табаны күректей екі жыл бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған (қараңыз: «Сана мидан бөлек» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/sana-midan-bolek-13932/#gsc.tab=0) материалымызда «эволюцияның табиғи сұрыпталу схемасы бойынша емес, номогенезге сәйкес дамитыны. Соған сәйкес Сана ми субстанциясы ретінде қарастырылмайды»..., «Физик Н.И. Кобозоев тәжірибе арқылы мидағы нейрон желісінің жүйке импулстарының көмегімен ойдың қалыптаспайтынын дәлелдеп берген болатын. Өйткені, мидағы бұл сигналдардың берілу жылдамдығы ойлау тетігінің шапшаң әрекетімен салыстырғанда сәйкес келмейді, яғни, нейрон желісінің жүйке импулстарының жылдамдығымен ойлау тетігінің жылдамдығы сәйкес келмейді» деп жазғанбыз. Тұжырымға бергісіз гипотеза расталып келеді.

0 пікір
Мұрағат