Имланттарды сымсыз зарядтайтын, тері астына орналастырылатын құрылғы жасалды
Имланттарды сымсыз зарядтайтын, тері астына орналастырылатын құрылғы жасалды
5 ай бұрын 890 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қытайдағы Ланжоу университетінің ғалымдары болашақта адам организіміне қауіпсіз, имплантацияланатын сымсыз зарядтағышты жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.  Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын құрылғы тозығы жеткеннен кейін алып тастауды немесе ауыстыруды қажет етпейді. Құрамында ұсынылатын тәуліктік дозадан аз мөлшерде мырыш пен магний бар, бұл элементтер ағзадағы компоненттердің оңай ыдырауын жеңілдетеді. Имплантацияланатын құрылғы магний катушкасынан, зарядтағыштан және энергия сақтау модулі ретінде жұмыс істейтін гибридті мырыш-ионды суперконденсаторлардан тұрады. Сымсыз зарядтау процесі имплантация орнында терінің үстіне екінші магний катушкасын қойғанда жүзеге асырылады. Энергиямен қоректену жүйесі және организмді жатырқатпайтын, яғни, биологиялық тұрғыдан үйлесетін имплант полимер мен балауыз қабаттарының ішінде орналасқан. Тығыздау қабатының қалыңдығын өзгерту арқылы сіз корпустың ішіндегі құрылғының қызмет ету мерзімін басқара аласыз. Медициналық технологияның жетістіктері адам ағзасына кардиостимулятор сияқты биоэлектронды құрылғыларды имплантациялауға мүмкіндік берді. Дегенмен, бұл жүйелерге арналған қуат көздері дене сыртында орналасады немесе уақыт өте келе тозып, ауыстыруды қажет ететін шағын батареяларды пайдаланады. Сымсыз қуат көзі осы олқылықтың орнын толтыра алады. Зерттеушілер сымсыз құрылғыны қалай өшіру керектігін әлі білмейді, яғни, ол электр қуаты таусылғанша жұмысын жалғастырды. Дегенмен, бұл прототип болашақта сымсыз имплант технологиясына жол ашатындығымен маңызды.

Имплантацияланатын зарядтағыштың құрылымдық диаграммасы және фотосуреті. Кескін: Hongwei Sheng et al., Science Advances
0 пікір
Мұрағат