Жаһандық жылыну саңырауқұлақ аурулары індетін өршітіп жіберуі мүмкін
Жаһандық жылыну саңырауқұлақ аурулары індетін өршітіп жіберуі мүмкін
4 жыл бұрын 3035 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Балтимордағы (АҚШ) Джон Джон Гопкинс атындағы университет ғалымы Артур Касадеволл жаһандық жылынудан саңырауқұлақ тудыратын жаңа аурулардың пайда болуы ықтимал екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Candida auris және саңырауқұлақтан пайда болатын өзге де аурулардың ыстыққа төзімділігі артып келеді, яғни, жаһандық жылынуға бейімделіп, иммунитетке бой бермей барады. Бұл арада Артур Касадеволл мен оның әріптестері Candida auris тарататын кандидоз індеті жайында сөз қозғап отыр. Осыдан он жыл бұрын мұндай аурудың пайда болатыны дәрігерлердің үш ұйықтаса, түсіне кірмеген еді. Аталмыш дерт әлемнің әр түкпірінен бір мезгілде тіркелген болатын. Осы орайда мынаны айта кеткен жөн: саңырауқұлақ әдетте сүт қоректілер мен құстарға сирек жұғады, өйткені, олар негізінде жоғары температурада толыққанды тіршілік ете алмайды, яғни, орташа температура 37 градустан асатын тіршілік иесінің ішінде тірі қалмайды. Алайда, бұл заңдылық Candida auris-ке жүрмейді. Біз сөз етіп отырған саңырауқұлақ 42 градустан асатын ыстықта да көбейе береді. Саңырауқұлақ адамға тікелей қауіп төндірмей топырақ құрамында, су қоймаларында, т.б. жерлерде төзімділігін «шыңдаған» болуы ықтимал. Әдетте саңырауқұлақ адам ағзасының өзге ағзаларына қарағанда температурасы салыстырмалы түрде төмен тері мен құлақты ғана зақымдайтын. Мәселен, температура жоғары ішекте олар тіршілік ете алмайды, оның үстіне, ішекте оттегі жоқ, ал оттегі болмаған жерде саңырауқұлақ өледі. Осыған байланысты саңырауқұлақтың жылылыққа бейімділігін арттырған жаһандық жылыну жаңа індетті тудыруы ықтимал. Бұдан бөлек, саңырауқұлақ Candida albicans-пен ген алмасқан болуы мүмкін. Мұны неден байқаған? Өйткені, саңырауқұлақ адамдарды дертке шалдықтырып жатыр. Бұл өз кезегінде жаңа ықтимал індеттің таралуына апарып соқтыруы мүмкін. Саңырауқұлақпен байланысты. Бұл жайында gismeteo.ru ақпарат көзі хабар таратты.

0 пікір
Мұрағат