Көзді ашып-жұму арқылы алысты жақындататын немесе жақынды алыстататын линза жасалды
Көзді ашып-жұму арқылы алысты жақындататын немесе жақынды алыстататын линза жасалды
4 жыл бұрын 4291 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Диего қаласындағы Калифорния университетінің ғалымдары затты немесе нысанды пайдаланушының қалайына қарай алыстатын немесе жақындататын линза жасады. Ол үшін көзіңізді екі мәрте жыпылықтатсаңыз, жетіп жатыр. Линза көзді жыпылықтатудан пайда болатын электрлі сигналға жауап қатып, қажетті өлшемді береді. Бұл жайында islam.kz порталы euronews.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Авторлардың айтуынша, аталмыш биометрикалық құрылғы электроокулографияға (көз қозғалысы барысында пайда болатын электр белсенділігін тіркеу әдісі) негізделген. «Зерттеуге ұсынылған бұл жүйе болашақта көзілдірікпен және қашықтан басқарылатын роботталған техникамен реттелетін көз протезін әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін»,- дейді ғалымдар бұл жаңалықтың мәні мен маңызын нақтылай келе. Линза электр сигналы берілгенде ұлғаятын эластикалық полимерден жасалған. Көз жұмулы болған күннің өзінде көз қарашығындағы табиғи электрлі импульсты имитациялайды. Десе де ғалымдар бұл линзаны серуенге шыққанда тағуға болмайтынын ескертіп отыр. Әлбетте, линзаның өзі қандай да бір елеулі жайсыздық тудырмайды, алайда, ол жұмыс істеуі үшін көздің айналасына бұлшық ет қозғалысын имитациялайтын бірнеше сымды бекітуге тура келеді. Ал дербес линзаны жасауға әлі бір жылдай уақыт керектігін алға тартып отыр. Ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат