Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды
Күйзелістің (депрессия) ажалды жақындататын қатері белгілі болды
3 жыл бұрын 3310 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Сан-Францискодағы Калифорния университетінің ғалымдары қатты күйзеліске ұшыраған, яғни, депрессия дертіне шалдыққан науқастардың ДНҚ-да эпигенетикалық (Эпигенетика – ДНҚ және РНҚ ның бірінші реттік құрылымдарын өзгертпейтін тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік механизмдерін зерттейтін генетиканың саласы ( С.Г. Инге-Вечтомов 2004 ж. ) Эпигенетикалық регуляция - геннің кодтаушы тізбегін өзгертпей,геннің белсенділігін өзгертетін процесс.-  Көнебаев Қ.-ның курстық жұмысынан, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Молекулалық биология және генетика кафедрасы) өзгерістің деңгейі күрт артып кететінін аңғарған. Бұл жайт өз кезегінде адам жасушаларының шапшаң қартаюына әрі ерте өлу қатеріне алып келеді. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Translational Psychiatry мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Депрессия дертінен зардап шеккен 49 адамның қан үлгілеріне анализ жасалған екен – метилдену (метилді топтардың ДНҚ-ның белгілі бір аймақтарына қосылуы. Бұл геннің белсенділігін арттырады) деңгейін анықтау мақсатында. ДНҚ-ның метилденуі жас ұлғайған сайын өзгеріп отырады, сол себепті, оны адамның биологиялық жасын анықтауда қолданады. Қан аналиізінің нәтижесінде сау адамдарға қарағанда күйзеліске бой алдырғандардың жасуша жасы жоғары, яғни, кәрі болып шыққан. Ал өлім қатері GrimAge математикалық алгоритм көмегімен өлшенді. Бұл жолы да сау адамға қарағанда депрессия дертіне шалдыққандарда жоғары болып шыққан. Сырттай қарағанда адамның жасына тән патологиялық өзгерістер науқастың бойынан байқала бермейді, алайда, өлім қатерімен байланысты метилдену паттерні сақталады. Осы орайда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мынадай дерегін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз: бүгінгі таңда әлем бойынша шамамен 300 млн адам, яғни, адамзаттың 4,4 пайызы депрессия дертіне шалдыққан. Бұл дерт Альцгеймер, сусамыр және жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болуына жол ашуы мүмкін.

Ұқсас материалдар: 

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 1" (https://islam.kz/kk/news/arturli/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-1-11529/#gsc.tab=0);

"Депрессияның әлем экономикасына төндірген қатері - 2" (https://islam.kz/kk/news/alem/depressiyanyn-alem-ekonomikasyna-tondirgen-qateri-2-11542/#gsc.tab=0);

"Тұңғиыққа тартқан жапон иірімі" (https://islam.kz/kk/news/alem/tungiyqqa-tartqan-japon-iirimi-11409/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат