Лос-Анджелестен Токиоға дейін бір сағатта ұшып жететін ұшақ құрастырылды (видео)
Лос-Анджелестен Токиоға дейін бір сағатта ұшып жететін ұшақ құрастырылды (видео)
2 жыл бұрын 2773 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ-та сағатына 11265 шақырым жылдамдықпен ұшатын жаңа ұшақты жұртшылық назарына ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы digitaltrends.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, америкалық компания коммерциялық мақсатта  пайдалнылатын, Stargazer деп аталатын гипердыбыстық жолаушылар ұшағының концепциясы мен визуализациясын ұсынып отыр. Аталған ұшақ ондаған мың шақырымды бірнеше сағат ішінде бағындырады, алайда, оның салонына бар-жоғы 12 жолаушы ғана сыяды. Мәселен, Лос-Анджелес мегаполисінен Токиоға дейін 60 минутта жетеді. Stargazer-ді Venus Aerospace «ғарыштық ұшақ» деп сипаттағанымен, оның максималды ұшу биіктігі шамамен 52 шақырымнан аспайды, бұл ғарыш басталатын межеден - Карман сызығынан әлдеқайда төмен. 2020 жылы құрылғаннан бері Venus Aerospace компанияның жоғары жылдамдықтағы ұшақтарды жасау мақсатына жетуіне көмектесу үшін жекелеген қаржыландыру көздерінен 32 миллион доллар және үкіметтік құрылымнан тағы 1 миллион доллар алған еді. Venus Aerospace командасы Stargazer-ке жаңа инфрақұрылым жасамай-ақ бар ғарыш айлақтарынан ұшып шығуға мүмкіндік беретін келесі ұрпақтың нөлдік эмиссиясы бар зымыран қозғалтқышын, инновациялық ұшақтарды және жетілдірілген салқындату жүйесін құруға бағытталған аэроғарыш, әскери және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың ардагерлерінен тұрады.

0 пікір
Мұрағат