Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды (видео)
Магниттердің көмегімен су жарты минутта «мәңгілік химиялық заттардан» тазартылды (видео)
1 жыл бұрын 1839 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар суды құрамында фтор бар улы әрі белсенді заттардан (FPAS немесе PFAS) тазартудың қарапайым әдісін ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Квинсленд университеті мен Австралия биоинженерия және нанотехнология институтының химиктері суды «мәңгілік химиялық заттардан» тазартудың жаңа әдісін ойлап тапты. FPAS-пен ластанған суға арнайы ерітінді қосу өз кезегінде улы элементтерді магнитті бөлшектерге айналдырады. Алынған қоспаны әдеттегі магнитпен тазалау оңай. Аталған тәсілдің құпиясы химиктер әзірлеген арнайы ерітіндіде жатыр. Оның құрамында магнитті фтор бар полимер сорбент деп атаған заттар кездеседі. Бір жағынан, бұл бөлшектер магниттік қасиетке ие, ал екінші жағынан, олар химиялық құрылымына, оның ішінде құрамында перфторполиэфир және катиондық топтардың болуына байланысты FPAS-пен белсенді әрекеттеседі. Сорбентті «мәңгілік химиялық заттармен» ластанған ерітіндіге қосқанда, ол FPAS-пен байланысады. Мұндай күрделі бөлшектерді кез келген магнит өрісі оңай және тез жоюға болады. Бірқатар сынақтар барысында жаңа әдіс арқылы FPAS-тың ең белгілі түрлерінің 95%-дан астамы 30 секундта, оның ішінде ең қиын заттардың бірі болып табылатын GenX 99%-дан астамы жойылған. Фтор-беттік белсенді заттар (ағылшын тілінде, пер-және полифторалкил заттар, PFAS) - өте күшті фтор-көміртек байланыстары бар химиялық заттардың класы. 1940 жылдардан бастап бұл заттар ерекше су және май репелленттік қасиеттеріне байланысты бүкіл әлемде өнеркәсіптік өндірісте белсенді түрде қолданыла бастады. FPAS кемшілігі табиғи жағдайда олар іс жүзінде ыдырамайды, сондықтан мұндай бөлшектер топырақта қалады және суды ластайды. Соңғы он жыл мұғдарында бүкіл әлем химиктері суды тазартудың және улы әрі белсенді заттарды қолдан жоюдың түрлі әдістерін іздестірумен немесе әзірлеумен айналысып келеді. Өкінішке қарай, олардың көпшілігі ұзақ уақытты алады немесе қымбатқа түседі, яғни, энергияны көп қажет етеді. Зерттеушілер бұл тарапта аталмыш технологияның магниттік шешімі тиімді балама ұсынады, деп есептейді. Мұндай тазалау тәсілі басқа технологияларға қарағанда әлдеқайда аз уақытты алады, сондай-ақ, бұл процесс энергияны қажет етпейді.

Ұқсас материалдар:

«Мәңгі химикаттарды» қауіпсіз жолмен жоюдың әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/mangi-himikattardy-qauipsiz-jolmen-joyudyn-adisi-tabyldy-17279/#gsc.tab=0);

«Суды «мәңгі химикттардан» тазарту тәсілі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sudy-mangi-himikttardan-tazartu-tasili-tabyldy-16835/#gsc.tab=0);

«Адамзатқа қауіп төндірген «мәңгілік химиялық заттарды» жоятын реактор жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/adamzatqa-qauip-tondirgen-mangilik-himiyalyq-zattardy-joyatyn-reaktor-jasaldy-17388/#gsc.tab=0);

«Әлем бойынша жауын суындағы химикаттар шектен тыс көбейіп кеткен» (https://islam.kz/kk/news/arturli/alem-boiynsha-jauyn-suyndagy-himikattar-shekten-tys-kobeiip-ketken-17233/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат