|
Масалардың «сүйікті» қан тобы қандай?
|
Cібір мемлекеттік медициналық университетінің ғалымдары қай қан тобының адамдарын масалар жиі шағатынын анықтады. Бұл туралы bag.kz ақпарат көзі Lenta.ru порталына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Мамандардың айтуынша, масалардың «сүйікті құрбандары» I қан тобының иелері екен. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ғалымдар масалар II қан тобының иелеріне қарағанда I қан тобының адамдарын 2 есе көп шағатынын анықтады.
Сонымен қатар, масалар шағатын адамды таңдағанда оның дене температурасына, қанайналымының белсенділігіне, иісіне және зат алмасу деңгейіне қарайтыны белгілі болды.
«Кішкентай бала, жүкті әйелден қарағанда масалар дене массасының индексі жоғары адамды, сонымен қатар еңбек етіп жүрген адамды жиі шағады», - деп атап өтті ғалымдар.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады