|
Микробтар радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыра алады
|
Ресейлік ғалымдар радиоактивті қалдықтар терең көмілген тұстан белгілі бір жағдайда радионуклидтердің миграциясын бәсеңдететін бактерияны тапты. Ол алдағы уақытта радиоактивті қалдықтардың таралуына қойылатын табиғи тосқауыл ретінде пайдаланылатын болады. Бұл жайында Ресей ғылым академиясының атом энергетикасын қауіпсіз жолмен дамыту проблемасымен айналысатын институт жарыққа шығаратын "Радиоактивті қалдықтар" мерзімді басылымында айтылған. 1980-ші жылдардан бастап әлем бойынша радионуклидтермен ластанған аумақтарды микробиологиялық тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліне бастаған болатын. Тынбай жүргізілген зерттеу жұмыстары ақыры өз нәтижесін бере бастады. Ғалымдар молекулярлық генетика әдісінің көмегімен радионуклид иондарын залалсыздандыра алатын жерасты суларынан бактерия барын анықтаған еді. Аталған бактерия белгілі бір жағдайларда радионуклидтерді, соның ішінде, уран мен плутони радионуклидтерді барынша аз жылжитын формаға келтіре алады. Яғни, осылайша аса қауіпті қалдықтың таралуына бөгет жасай алады. Ғалымдар аталмыш бактериялардың радионуклидтердің таралуына қандай жағдайда тосқауыл қоя алатынын анықтау үшін зертханалық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Бірер жылдан соң күн негізгі электр энергиясының көзіне айналады
■
Азия елі цифрлы оқулықтарға көшеді
■
Кәмелетке толмаған жолаушылардың жеке ұшуы: FlyArystan рейстеріндегі ережелер
■
Қазақстанда интернет арқылы антибиотик сатуға тыйым салынбақ