Микротолқынды толқындар күн панелінің өндірісін жақсартады
Микротолқынды толқындар күн панелінің өндірісін жақсартады
1 жыл бұрын 992 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Инженерлер күн элементтерінің өндірісін айтарлықтай жақсартатын және оларды өңдеуді жеңілдететін микротолқынды технология ойлапт тапты. Бұл жайнда islam.kz порталы aip.scitation.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, Маккуари университетінің инженерлік мектебінің зерттеушілері күн панелдерін жасау үшін микротолқынды радиацияны пайдалануды ұсынып отыр. Бұл әдіс батареяларды жасауға кететін уақыт пен қуатты үнемдеуге мүмкіндік береді және пайдаланылған фотоэлектрлік элементтерді қайта өңдеу мен кәдеге жаратуды жеңілдетеді. Күн панелдерін әзірлеу кезінде «кремнилік жасыту» деп аталатын бірнеше жоғары температураны қажет ететін процестер жүзеге асырылады. Қолданыстағы технология бойынша фотоэлементтерді пеште жасайды. Зерттеушілер оның орнына микротолқынды сәулеленуді пайдаланудың өз кезегінде кремниді іріктеп қыздыруға мүмкіндік беретінін анықтады, нәтижесінде энергияны үнемдеуден оның әсері бірден пайда болмақ. Микротолқынды қыздырудың бірқатар артықшылықтары бар. Микротолқынды сәулеленуді фокустау (өзгерту) мүмкіндігі оның қандай да бір затты іріктеп қыздыру, реттеу секілді қосымша мүмкіндіктері барынан хабар береді. Мысалы, кейбір жаңа панелдер кристалды және аморфты кремний арасында ауысатын гетероидациялық технологияға негізделген. Бұл әдіс ұяшықтарда жылдамырақ және таңдап жасыту тиімділігін арттырады. Нақты фокустау, сонымен қатар, жасытуды күн панелінің белгілі бір бөліктеріне бағыттауға болатындығын білдіреді, бұл артықшылық оны арнайы мақсаттарға арналған күрделі ішкі құрылымдары бар күн панелдерін жасыту үшін өте қолайлы етеді. Сонымен қатар, осы технология арқылы өңделген перовскит күн батареялары әдеттегі өндіріске қарағанда тиімдірек болып шыққан. Сонымен қатар, инженерлер микротолқынды пештің кремни пластинасын ылғал мен ластаушы заттардан қорғайтын пластикалық жабынды механикалық түрде кетіруге болатындай етіп жұмсаратынын анықтады. Бұл пластинаны оңай бөлшектеуге және оның құрамдастарын қатты химиялық заттарды қолданбай қайта пайдалануға мүмкіндік бермек. Осы уақытқа дейін панелдерді қоқыста тасталып келген еді. Сирек өңделетін. Қайта өңделген жағдайларда панелдер алдымен ұсақталады, шамамен 1400°C дейін қыздырылады және пластикті кетіру үшін химиялық заттармен жуылады – бұл көп энергияны қажет ететін әрі қоршаған ортаға залалы көп процесс.

Ұқсас материалдар:

«Шаштан 1000 есе жұқа, радиацияға төзімді күн панелдері жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/shashtan-1000-ese-juqa-radiatsiyaga-tozimdi-kun-panelderi-jasaldy-17655/#gsc.tab=0);

«Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-jane-jel-elektr-stancalary-biriktirildi-qurylgy-kez-kelgen-aua-raiynda-jumys-isteidi-video-17617/#gsc.tab=0);

«Араб ғалымдарының күн элементі тиімділігі жағынан рекорд орнатты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arab-galymdarynyn-kun-elementi-tiimdiligi-jagynan-rekord-ornatty-18475/#gsc.tab=0);

«Арабтар ойлап тапқан күн батареясының артықшылығы неде» (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-oilap-tapqan-kun-batareyasynyn-artyqshylygy-nede-14878/#gsc.tab=0);

«Cаудиялық ғалымдардың өнертабысы: Wi-Fi күн сәулесімен алмастырылады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/caudiyalyq-galymdardyn-onertabysy-wi-fi-kun-saulesimen-almastyrylady-17609/#gsc.tab=0);

«Арабтар шөлде өсімдік өсірудің тың тәсілін тапты" (https://islam.kz/kk/news/gylym/arabtar-sholde-osimdik-osirudin-tyn-tasilin-tapty-16478/#gsc.tab=0);

«Күн батареясымен жабдықталған жүк көліктерінің тоңазытқышы азық-түлікті бүлінуден сақтайды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-batareyasymen-jabdyqtalgan-juk-kolikterinin-tonazytqyshy-azyq-tulikti-bulinuden-saqtaidy-15647/#gsc.tab=0);

«Терезе орнына қойылатын күн панелі пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tereze-ornyna-qoiylatyn-kun-paneli-paida-boldy-17607/#gsc.tab=0);

«Бұлтты күні де күн энергиясын жинайтын батарея жасалды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/bultty-kuni-de-kun-energiyasyn-jinaityn-batareya-jasaldy-17049/#gsc.tab=0);

«Күн және жел электр станcaлары біріктірілді. Құрылғы кез келген ауа-райында жұмыс істейді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/kun-jane-jel-elektr-stancalary-biriktirildi-qurylgy-kez-kelgen-aua-raiynda-jumys-isteidi-video-17617/#gsc.tab=0);

«Күн батареясы қалдықтарының дағдарысы: ғалымдар бұл тығырықтан шығудың жолын іздейді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/kun-batareyasy-qaldyqtarynyn-dagdarysy-galymdar-bul-tygyryqtan-shygudyn-jolyn-izdeidi-17542/#gsc.tab=0);

«Ғарыш аппараттарына арналған күннен қуат алатын батареяны өздері құрастырады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/garysh-apparattaryna-arnalgan-kunnen-quat-alatyn-batareyany-ozderi-qurastyrady-10592/#gsc.tab=0);

«Жиналмалы күн панелі бар электромобилді көлік» (https://islam.kz/kk/news/madeniet/jinalmaly-kun-paneli-bar-elektromobildi-kolik-video-13437/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат