Терезе орнына қойылатын күн панелі пайда болды
Терезе орнына қойылатын күн панелі пайда болды
2 жыл бұрын 2500 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапония ғалымдары бір мезгілде жарық өткізетін және энергия өндіретін күн батареяларын жұртшылық назарына ұсынды. Олар кәдімгі терезелерден ерекшеленбейді. Бұл жайында islam.kz порталы bgr.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күншығыс елінің ғалымдары терезенің орнына қолдануға болатын мөлдір күн батареяларын жұртшылық назарына ұсынды. Осылайша жапон ғалымдары көзге көрінбейтін дерлік күн панелдерін жасаудың жолын тапты - олар жарықты өткізеді және оның көмегімен энергия алады. Бұл жоба өткізгіш материал – индий-қалайы оксиді (ITO) арқылы ультра жұқа материалдардың өзара әрекеттесуін пайдалануға негізделген. Бұл қоспа түссіз және мөлдір, сондықтан оны мөлдір күн батареялары үшін пайдалануға болады. Жаңа жүйе материалды мұқият таңдалған жұқа металдармен қаптау есебінен, содан кейін ITO мен вольфрам дисульфиді буының арасына оқшаулағыш қабат қою арқылы жұмыс істейді. Мұндай құрылғы зерттеушілерге материалдар арасындағы байланыс кедергісін басқаруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, зерттеушілер ойлап тапқан құрылым ITO негізіндегі күн батареяларына қарағанда энергияны тиімді түрлендіруге мүмкіндік береді.

0 пікір
Мұрағат