Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды
Өсімдікті аз уақыт ішінде қалпына келтірудің әдісі табылды
2 жыл бұрын 2410 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар биологиялық әр алуандылықты сақтау әрі rлимат дағдарысына қарсы күресте пайдалану үшін өсімдік әлемін түрлі қатерден қорғаудан бұрын олардың қалпына келуіне көмектесетін тың әдісті ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы cell.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өсімдік реакциясын химиялық жолмен өзгерту арқылы олардың қалпына келу процесін тездетуге болады. Тіршілігіне қауіп төндіретін қандай да бір қатер төнгенде немесе қандай да бір ауытқу орын алғанда өсімдіктер қорғану және регенерация секілді негізгі екі реакциясын танытады. Зақымдалған жері қайта өсуі мүмкін немесе тікелей қауіп төндірген жәндіктерді немесе өзге де мақұлықтарды үркіту үшін улы зат бөліп, қорғанады. Бұл реакциялар жүйелі түрде пайда бола ма, әлде қорғану алдында регенерация орын ала ма, міне, осы тетікті анықтау үшін ғалымдар өсімдік биологиясын манипуляциялауға тырысты. Ғалымдар бұл тарапта Талиа бедесі деп аталатын капуста тұқымдасына жататын өсімдік пен жүгері ДНҚ-сын зерттеп көрген екен: өсімдіктің глутаматты рецепторы секілді ақуызы өсімдік зақымдалғанда қорғану тетігін күшейткен. Мұндай ақуыздар жасушаға кальцияның түсу есебінен жұмыс істейді. Ғалымдар бастапқыда кальци регенерацияның басталғанын білдіреді деп топшылаған еді, алайда, артынан қорғанысты жасушалардың арттыратынына көз жеткізген. Аталмыш гипотезаны растау үшін ғалымдар арнайы бейімделген химиялық өңдеу тәсілін қолданып көреді. Дәлірегі, Нью-Йорк университетінің биология профессоры Кеннет Бирнбаум рецепторлардың кальциді жіберу процесін химиялық жолмен тоқтатып көреді – осылайша өсімдіктің қорғаныс реакциясын кемітіп, регенерациясын арттырған. Бұл орайда Кеннет Бирнбаум өсімдіктің регенерациясын арттыру қабілетін негізгі ауыл шаруашылық өсімдіктерін климат өзгерісіне төзімділігін күшейту үшін пайдалануға болатынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат