Қарды ерітетін асфальт жасалды
Қарды ерітетін асфальт жасалды
3 жыл бұрын 2269 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қыстың көзі қырауда жолды қардан аршу жұмыстарынан кептеліс орын алып, уақытта ұтылып жатады әрі жол-көлік оқиғасы, дәлірегі, апат болып жатады. Израилде жолды қардан аршу әуресінен құтқаратын жоғары технологиялы төсеніш әзірледі. Израилдік SAN Hitech компаниясының бұл технологиясын «ақылды асфальт» деп атауға әбден лайық. Бұл жайында islam.kz порталы BuildingTech ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған технологияның негізінде асфальт қабатының астынан қажет болған жағдайда жылытуға болатын метал желісі тартылған. Ол қоршаған ортадағы өзгерісті қадағалайтын әрі күн суытқанда жылу командасын беретін арнайы датчикпен жабдықталған. Snowless деп аталатын бұл жүйе адамсыз басқарылады, яғни, автономды режимде жұмыс істейді. SAN Hitech технологиясы тек жолға төселетін асфальтқа ғана емес, сонымен қатар, ескі жолды қопармай-ақ, әржерінен тесіп, шштроб орнату түрінде де пайдалануға болады. SAN Hitech компаниясының «ақылды асфальті» - жоба да емес, тәжірибе ретінде қолданылатын модел де емес. Мұндай жол әлемде Канада аумағында ғана іске қосылған. Аталмыш жүйе саршұнақ аязда да жұмыс істей береді. Дәлірегі, Цельсия бойынша  -50 градус аязға да төтеп береді. Ол ол ма, мұндай қақаған аязды күнде жолға қатқан мұздың өзін ары кеткенде 15 минут ішінде еріте алады. Бір таңқаларлығы – климаты жылы Израилде мұндай технологияны ойлап табу не үшін керек болды?

0 пікір
Мұрағат