Қартаю процесі баяулап келеді
Қартаю процесі баяулап келеді
2 жыл бұрын 3197 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшылары жасаған болжамға сенсек, 2050 жылға қарай жасы 80-ге келген және 80-нен асқан қарттар қарасы үш есеге артады, яғни, бүгінде қарасы 144 млн қарттың саны аталған мерзімге дейін 426 адамға жетеді. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі Physiological Reveiws ғылыми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қарттар қарасы, әсіресе, кәрі құрлық пен Солтүстік Америкада көбейде, әрбір төртінші тұрғынның жасы 65-тен асқандар құрайтын болады. Бұған ең алдымен медицинаның дамуына және өмір сүру сапасының артуына байланысты адамның ғұмыр жасының ұзаруы себеп болмақ. Осыдан 30 жыл бұрын өмір сүрген қарттар мен бүгінгі қарттардың денсаулығын және ақыл-ойын салыстыруға келмейді. Десе де еңбекке жарамды жастағы азаматтардың азайып, қарттар қарасының артуы әлемдік экономикаға орасан зор салмақ салатынын алға тартып отыр сарапшылар. Британдық ғалымдардың, дәлірегі, Кембридж университетінің мамандары 2015 жылы жүргізген бұл бағыттағы зерттеу нәтижесі көрсеткендей, жасы 80-нен асқан қарттардың 60 пайыздан астамында тек денсаулықтары бойынша ғана емес, сонымен қатар, конгнитивтік қабілеттері де (жадысының нашарлауы, ақпаратты қабылдауы, т.б.) көп төмендеп кеткен. Осыған байланысты оларға күтуші жалдау, емдеу, т.б. шығындар артады. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің биологтері мен математиктері неміс әріптестерімен бірге адамның биологиялық түр ретінде эволюция барысында қартаю процесінің баяулағанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы кезінде "Интерфакс" ресейлік ақпарат көзі хабарлаған болатын. Әзірге бұл гипотеза деңгейінде. Ал жапондық ғалымдардың бұл тараптағы зерттеу нәтижесі өзгелеу болып шыққан: 65-79 жас аралығындағы қарттарды бақылай келе олардың да осыдан ширек ғасыр бұрынғы құрдастарына қарағанда қимыл-қозғалысы әлдеқайда ширақ, шымыр болып келетінін байқаған. Яғни, жүрек-қан тамыр жүйесі жақсы көрсеткішті көрсеткен.

0 пікір
Мұрағат