Қатерлі ісік диагнозы мен терапиясына қатысты екі жаңалық
Қатерлі ісік диагнозы мен терапиясына қатысты екі жаңалық
2 жыл бұрын 1844 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті
Z-ДНК негізіндегі терапия төзімді қатерлі ісікпен тиімді күресу құралына айналуы мүмкін

Z-ДНК негізіндегі әдісті осы заманғы иммундық терапияға бой бермейтін қатерлі ісікпен тиімді күресу үшін пайдалануға болады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Биологтар ісік жасушаларында Z-ДНҚ түзілуін белсендіру үшін кураксин молекулаларын пайдаланды. Алынған иммундық жауап мутацияланған ісік ақуыздарына тән және обыр жасушаларының жойылуына әкеледі. Z-ДНҚ – ДНҚ молекуласының ықтимал конфигурацияларының (өзіндік пішін) бірі. Бұл пішінде қос спирал ең көп таралған В-ДНҚ-дағыдай оңға емес, солға бұралған. Бұл молекуланың функцияларының бірі - вирустарға иммундық жауапты реттеу. Реакция екі ақуыз - ADAR1 және ZBP1 арқылы жүзеге асады. Олардың біріншісі өз жасушаларына қарсы иммундық жауапты өшіреді, ал екіншісі вирус жұқтырған жасушалардың жойылуын белсендіреді. Ғалымдар атап өткендей, аталмыш ақуыздар арасындағы өзара әрекет өз кезегінде обыр жасушларының тағдырын шешеді: не тірі қалдырады немесе жояды. Ғалымдардың айтуынша, бұл ақыздар сау жасушаларда кездеспейді. Олардың өндірісі қабыну кезінде интерферонмен белсендіріледі. Сонымен қатар, ADAR1 және ZBP1 қатерлі ісіктерде, сондай-ақ, фибробласттарда, қатерлі ісіктің өсуі үшін пайдаланылатын дәнекер тінінің жасушаларында көптеп кездеседі. Бұл жағдайда ісік оған зиян келтіруі мүмкін жасушаларды жою үшін ADAR1-ді «пайдаланады». Биологтар бұл зерттеуде кураксин молекулалары қатерлі ісік жасушаларын жою үшін ADAR1-ді айналып өтіп, ZBP1-ді белсендіретінін алға тартып отыр. Ғалымдар дәрінің қатерлі ісік тудырған мутация түріне қарамастан, барлық жасушаларға әсер ететінін атап өткен еді. ZBP1 арқылы белсендірілген иммундық жауап қатерлі ісіктің өсуіне ықпал ететін фибробласттарды бұзады. Ғалымдардың айтуынша, дәрі иммунологиялық бақылау нүктелерін бұғаттайтын антиденелерді қолдану арқылы терапияның тиімділігін арттырады.

«Жасырын ДНҚ» арқылы адамда обыр рецидиві болатынын немесе болмайтынын анықтауға болады

Ғалымдар айналымдағы ісік ДНҚ-сы (ctDNA) пайдаланылатын әдістің пайда болғанын жариялады. Бұл - қан айналымындағы ісіктердің фрагменттелген ДНҚ-ның шағын фрагменттері. Бұл жайында islam.kz порталы meetings.asco.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қатерлі ісікке қарсы қолданыстағы химиялық терапия обыр жасушаларын жоюдың мықты әрі дәстүрлі құралы болғанымен аталмыш терапиядан сау жасушалар да зардап шегеді. Мұның салдары ауыр болуы мүмкін. Таяуда бұл тарапта арнайы жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар ұсынған тың әдіс тоқ ішек қатерлі ісігінің екінші сатысындағы кейбір науқастардың химиялық терапиядан құтылуына көмектесті. Бұл айналымдағы ДНҚ – ctDNA -ны зерттеген алғашқы жұмыс емес. Операциядан кейін қандағы ctDNA -ның болуы қатерлі ісіктің қайталану қаупін болжайды, дейді ғалымдар. Белгілі болғандай тоқ ішектің қатерлі ісігінің екінші сатысындағы науқастардың шамамен 75%-на отадан кейін химиялық терапияның қажеті бола қоймайды, алайда, 25%-на ол қажет. Сол себепті, дәрігерлер мұндай пациенттердің қайсысына химиялық терапия тиімді, ал қайсысына зиян екенін білуі тиіс. Нәтижесінде, ctDNA негізіндегі тоқ ішек обырын емдеуге арналған әдіс пациенттің өміріне қауіп төндірмей адъювантты химиотерапияны қолдануды азайтуға көмектеседі.

0 пікір
Мұрағат