Сал болып қалғандардың жүруіне мүмкіндік беретін жұлын импланты жасалды
Сал болып қалғандардың жүруіне мүмкіндік беретін жұлын импланты жасалды
2 жыл бұрын 2163 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар сал болып қалған ауқастардың жүріп-тұруына көмектесетін жұлын имплантын ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы onlinelibrary.wiley.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Sagol регенеративті биотехнология орталығының ғалымдары адам жасушасы мен материалынан жұлынға арналған тін жасады. Бұл имплантты тәжірибеде қолданып, тиімділігін тесеріп көрді: созылмалы сал дертіне шалдыққан жануардың жүру қабілетін 80% қалпына келтірген. Ғалымдар бұл тарапта пациенттің тінін пайдаланған - адам эмбрионының жұлын дамуын имитациялайтын процесс көмегімен жұлын имплантына айналдырған. Аталмыш зерттеуге атсалысқан Тал Дуир есімді ғалым бұл бағытта жарақат салдарынан зақымдалған тінді қалпына келтіретін, адам организмі жатырқамайтын персоналды имплант жасауды мақсат еткендерін жасырмады. Технология науқастан іш қуысының майлы тінінің шағын биопсиясын алуға негізделген. Бұл ұлпа адам организіміндегі барлық тіндер секілді жасушадан тыс матрицамен бірге жасушалардан тұрады – онда коллаген мен қант кездеседі. Жасушаларды жасушадан тыс матрицадан бөлгеннен кейін ғалымдар жасушаларды қайта бағдарлау (программалау) және оларды эмбрионның діңгекті жасушаларына ұқсайтын күйге келтіру үшін гендік инженерияны қолданды. Ғалымдар асушадан тыс матрикстен персоналдандырылған гидрогел жасады, ол имплант қондырылған кезде иммундық қарсылық тудырмайды немесе организм жатырқамайды. Содан соң ғалымдар діңгекті жасушаларды гидрогелге капсулдап (гидрогелге орап), жұлынның эмбрионалды дамуын имитациялады, жасушаларды 3D нейрондық желі импланттарына айналдырды.

Ұқсас материалдар:

«Жұлыны зақымдалып сал болып қалғандарды аяғынан тік тұрғызатын иньекция жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/julyny-zaqymdalyp-sal-bolyp-qalgandardy-ayagynan-tik-turgyzatyn-inektsiya-jasaldy-video-16303/#gsc.tab=0);

«Терапияның жаңа түрі сал болып қалғандарды аяғынан тұрғызуы мүмкін» (https://islam.kz/kk/news/gylym/terapiyanyn-jana-turi-sal-bolyp-qalgandardy-ayagynan-turgyzuy-mumkin-16274/#gsc.tab=0);

«Гендік терапия сал ауруын жеңді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/gendik-terapiya-sal-auruyn-jendi-14702/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат