Зақымдалған жұлынға бекіткен импланттан сал болып қалған науқас жүріп кетті (видео)
Зақымдалған жұлынға бекіткен импланттан сал болып қалған науқас жүріп кетті (видео)
2 жыл бұрын 4084 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жұлыны толық зақымдалып, аяқ-қолынан жан кетіп, сал болып қалған науқастың қайта жүруіне islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Medicine мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы технология электрлі импульске негіәзделген. Жұлын имплантының жұмысы мидың аяққа тікелей әрекеті мен әсерін имимтациялайтын сигналдарды жіберуден тұрады. Ол пациент өзімен бірге алып жүретін компьютер көмегімен ісе қосылады. Ал компьютердің өзі омыртқаға бекітілетін жұмсақ әрі иемді электрод түрінде болады. Электрод электр импульсін дене мен аяқтың түрлі бұлшық етін қадағалайтын жұлын жүйкесіне береді. Электр импульсін өз кезегінде жүру, тұру, велик тебу, аяқ сермеу секілді белгілі бір нұсқау беретін планшеттегі программа қадағалайды. Жұлынға импланты кіріктіру отасы алғаш рет жасалып отыр. Құрылғы отадан кейін бірнеше сағаттан соң пациенттердің орнынан тұруына мүмкіндік берген. Бұл арада жұлын имплантының дәрі еместігін айта етпекпіз. Қазіргі уақытта ол 29-41 ас аралығындағы үш пациенттің жүріп-тұруына көмектескен. Олар, тіпті, суда жүзе алатын дәрежеге жеткен. Дәл қазіргі кезеңде бұл бағыттағы зерттеу тек замдалған жері мойыннан белге дейін аймақта қолдануға ғана келеді.

0 пікір
Мұрағат