Жасушадан биогидридті балық пайда болды (видео)
Жасушадан биогидридті балық пайда болды (видео)
2 жыл бұрын 4004 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гарвард университетінің ғалымдары Емори жоғарғы оқу орнындағы әріптестерімен берге тарихта тұңғыш рет жүрек жасушасынан толық автономды (дербес әрекет ете алатын) биологиялық гибридті балық өсірді. Бұл жайында islam.kz порталы science.org ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол жүзе алады әрі жүректің жиырылуын тудырады. Осылайша ғалымдар аса күрделі, жасанды жүрек бұлшық етін жасауға бір табан ақындай түсті. Бұдан бөлек, биогибридті балықты аритмия секілді жүрек ауруларын зерттеуге арналған платформа ретінде пайдаланбақ. Бұл тараптағы зерттеуге атласықна биоинженерия және қолданбалы физика ғылымының профессоры Кит Паркер жүрек патологиясынан зардап шегетін науқастың аталмыш ағзасын алмастыратын баламасын жасауды алдыран мақсат етіп қойғанын әрі бұл тараптағы зерттеудің осы мақсатта қолға алынғанын жетізді. Осылай деген ол жүрек тінін жасаудағы жұмыстың көп бөлігі анатомиялық ерекшеліктермен немесе жасанды тіндерде жүрек соғуын қайталау процесімен байланысты екенін тілге тиек етті. Ғалымдар алдымен жүректі жұмыс істеуге итермелейтін негізгі биофизикалық принциптерді анықтаған. Осылайша дербес (яғни, сырттан жәрдем алмай) өз бетінше жұмыс істейтін дербес биогибридті құрылғы жасалған. Бұл құрылғы үшін ғалымдар адамның діңгекті жасушасынан алынған кардиомиоцитті пайдаланған. Ғалымдар бұлшық ет жасушаларының екі қабатынан тұратын данио балық жасауға қол жеткізген: екі жағында бір-бірден құйрықты қанаты бар – бір жағы жиырылғанда екіншісі жазылады, жазылған (созылған) кезде механикалық сезімтал ақуыз арнасы ашылады, ол өз кезегінде жиырылуды тудырады, содан соң созылады, осылай кете береді. Нәтижесінде шамамен 100 күн ұмыс істейтін тұйық цикл пайда болады. Биогибридті балық уақыт озған сайын ақсы жүзетін болады – бұлшық ет амплитудасының жиырылуы, мейлінше жылдасм жүзу қабілеті, бұлшық ет үйлесімі (координациясы) кардиомиоцит жасушасы өскен сайын артатын болады. Нәтижесінде ол жабайы табиғаттағы данио балығы секілді тиімді жүзетін болады.

0 пікір
Мұрағат