|
Еңкейгенде, түшкіргенде бастың ауруы аса қатерлі дерттің белгісі болуы мүмкін
|
Британиялық Macmillan Cancer Support қайырымдылық ұйымының мамандары еңкейгенде немесе түшкірген я болмаса оқыс әрі шалт қимылдағанда бастың ауыруын қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін екенін алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы medikforum ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік белгісі обыр жайлаған жердің аумағына қарай білінеді, яғни, қатерлі ісік зақымдаған сайын оның белгісі анық біліне бастайды. Көбінесе қатерлі ісік белгілері жүректің айнуы (жүректің лоблуы, лоқсу), бас ауруы түрінде көрініс табады. Қатерлі ісіктен болатын бас ауруы әдетте таңертеңгісін байқалуы мүмкін. Мұндай жағдайда онколог мамандарға қаралуға кеңес береді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады