Саңырауқұлақтан шуды сіңіріп алатын құрылғы жасалды
Саңырауқұлақтан шуды сіңіріп алатын құрылғы жасалды
3 жыл бұрын 2443 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

UMSICHT-тің қоршаған орта, қауіпсіздік және энергетикалық технология жөніндегі Фраунгофер институтының ғалымдары IBP Фраунгофер атындағы физика институтындағы әріптестерімен бірігіп, өндірісі экологиялық жағынан зиянсыз шуды сіңіріп алу құрылғысын жасау үшін саңырауқұлақтан материал алды. Бұл жайында islam.kz порталы hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл құрылғы шуы көп қалалы жерлерде тиімді,  дәлірегі, кеңседегі, көшедегі немесе көршінің үйінен шыққан шу стрестің көзіне айналып отырған бүгінгі таңда бұл жаңалықтың маңызы зор. Ғалымдар дәлелдегендей, қоршаған ортадағы шу адамның психикасы мен денсаулығына орасан зор әсерін тигізеді. Бүгінде кеңінен қолданылатын шуды басатын, қабырғадағы панелдер минералды талшықтар мен синтетикалық көбіктен жасалған. Алайда, олардың көбісін экологиялық жағынан зиянсыз дей алмайсыз. Осыны ескерген ғалымдар саңырауқұлақты зерттеп көрген екен. Қазіргі уақытта жаңа материал алу үшін өсімдік субстратына және мицелиге назар аударылып отыр. Осы тұста мицелияның не екенін айта кетпекпіз: мицели дегеніміз, субстратқа мықты бекітуді, қоректенуді және артынан өсіп-өнуді қамтамасыз ететін арнайы органдарды қалыптастыра отырып өз құрылымын өзгерте алатын саңырауқұлақтың вегетативті денесі. Мицели жіп тәрізді гиф желісмінен тұрады. Гиф – жасушалардан тұратын немесе көптеген ядроны қамтитын саңырауқұлақтағы  жіп тәрізді құрылым. Гифтің негізгі функциясы су мен қоректік заттарды сіңіруге саяды. Табиғи ортада мицели ер астынан өсіп-өнеді. Ғалымдар мицелидің зертханада өсіріп, оны тағам өнімдері өндірісінің қалдықтарынанғ ағаштан сабаннан тұратын өсімдік субстратымен араластырады, содан соң үш өлшемді принтердің көмегімен қалаған пішінде басып шығарады. Мицелия гифі субстратқа тарап, мықты құрылым қалыптастырады. Мицелия субстратқа дендеп енген соң пеште кептіріледі – саңырауқұлақты өлтіру үшін. Осылайша шуды сіңіріп алатын материал дайын болады.

Fraunhofer UMSICHT 

(ықшамдалып алынды)

0 пікір
Мұрағат