Шыбын миына чип енгізіп, жәндікті қашықтан басқаруға қол жеткізді (видео)
Шыбын миына чип енгізіп, жәндікті қашықтан басқаруға қол жеткізді (видео)
2 жыл бұрын 1810 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық Раис университетінің ғалымдары шыбын миына термикалық датчик енгізіп, оны қашықтан басқаруға қол жеткізген. Бұл жайында islam.kz порталы New Atlas ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар шыбын нейронында термикалық датчикті гендік инженерия көмегімен жасады. Датчик температура өзгерісіне жауап қататын ионды арналардан тұрады. Датчик жылу сигналын қабылдағанда нейрондар белсенді режимге көшеді, нәтижесінде жәндікті қанатын қомдауға мәжбүрлейді. Термиялық триггер шыбындардың миына енгізілген темір оксидінің нанобөлшектері болды. Олар жақын жерде магнит өрісі пайда болған кезде қызып, нейрондарды қосты. Бұл зерттеу нәтижесі ғалымдарға науқастардың неврологиялық аууларын хирургиялық емес жолмен, яғни, пышақсыз емдеуге мүмкіндік бермек. Қазіргі уақытта ғалымдар көздің көру қабілетін қалпына келтірудің әдістерін іздестіруде.

0 пікір
Мұрағат