Судағы өлім...
Судағы өлім...
3 жыл бұрын 3894 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Судағы өлім-жітімнің дәл уақытын анықтайтын биомаркер табылды. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу нәтижесі жарияланған Journal of Proteome Research мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлыбритания ғалымдары, дәлірегі, Ньюкаслдегі Нортумбрия университетінің мамандары адамның суда қашан қайтыс болғанын дәл анықтауға мүмкіндік беретін анализ тәсілін тапты.  Бұл тәсіл сүйектегі белгілі бір ақуыздың мөлшерін өлшеуге саяды. Бұл бағыттағы зерттеу мен аталған тәсіл сот-медицина патологоанатомдар үшін маңызды. Өйткені, олардың жұмысын жеңілдетеді. Әдетте сот-медицина сараптамасында мәйіттің бірнеше жерінен ет кесіп алады өлімнің неден болғанын анықтау мақсатында. Алайда, олар суда ұзақ уақыт жатып қалған мүрденің өлім-жітім интервалын (PMSI) анықтау қиынға түседі. Ғалымдар өздерінің әдісінің тиімділігін тексеріп көру үшін мұздатылған 22 кеміргіштің мүрдесіне тәжірибе жүргізіп көрген екен: тышқандардың бір тобын бөлме температурасы деңгейінде, ал енді бір тобының мүрдесін дене температура деңгейінде жібіткен. Содан соң оларды сапасы екі түрлі суға салып көреді. Ғалымдар тәжірибе барысында мүрденің суда жату ұзақтығына қарағанда су сапасының ақуыз деңгейіне аз әсер ететініне көз жеткізген. Мәселен, мүрде суда ұзақ жатып қалса, альдолаз деп аталатын ақуыз мөлшері соғұрлым азайған.  Ал судың сапасы ақуыздың бір ғана түріне әсерін тигізген: фетуин тоған суында химиялық өзгеріске ұшыраған.

0 пікір
Мұрағат