|
Теңіз тұңғиығында (түбінде) тұңғыш рет ғылыми-зерттеу орталығы ашылды
|
Француздардың ұлттық ғылыми зерттеу орталығы Жерорта теңізінің түбінен Laboratoire Sous-marin Provence Méditerranée (LSPM) суасты зертханасын ашты. Бұл жайында islam.kz порталы cnrs.fr ақпарат көзіне сіллтеме жасай отырып мәлім етеді. 2450 метр тереңдікте орналасқан аталмыш орталық теңіз бен ондағы тіршілікті зерделеуге арналған. Кең спектрлі құрал-жабдық нейтриноларды іздей алады, климаттың өзгеруін бақылай алады, теңіздің физикасын, химиясын және биологиясын зерттей алады, т.б. LSPM-нің негізгі құралы - KM3NeT детекторы. Ол бір текше шақырым кеңістікті қамтиды. Зертхана ұзындығы 42 шақырым болатын электро-оптикалық кабел арқылы барлық құралдардан деректерді жер бетіне жібереді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Бұдан былай дәнекерлеушіні робот алмастырады (видео)
■
Инженер оттың көмегімен азық-түлікті суытатын тоңазытқыш ойлап тапты (видео)
■
Мұсылман елдерінің арасында криптовалютаны белсенді енгізіп жатқан ел аталды
■
Ғалымдар кәрілікті тежеудің тың әдісін ұсынды
■
Ерлердің ұрпақ өрбітуде мүмкіндігі артатын жыл мезгілі аталды