Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды
Тұңғыш рет адамның қартаю процесін тежеудің жолы табылды
3 жыл бұрын 7372 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Израилдік ғалымдар, дәлірегі, Тел-Абиб университетінің ғалымдары адамның иммундық жүйесінің қартаюын теломердің ұзындығын арттыратын әрі организмнің зақымдалған жасушалардан құтылу мүмкіндігін көтеретін гипербарилік оттегі терапиясының көмегімен тежей алды. Бұл  жайында islam.kz ақпарат көзі осы бағыттағы зерттеу материалы жарияланған Aging мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы тұста теломердің не екенін айтып жатпаймыз, өйткені, теломер туралы деректер сайтымыздың жаңалықтар таспасындағы ғылыми-танымдық материалдарда кеңінен берілген. Таяуда сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарық көрген «Бактериялық жасуша өздігінен өлмейді. Ал адам жасушасы белгілі бір мерзімнен кейін өледі. Неге?» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/bakteriyalyq-jasusha-ozdiginen-olmeidi-al-adam-jasushasy-belgili-bir-merzimnen-keiin-oledi-nege-14369/#gsc.tab=0) ғылыми-танымдық материалдан толығырақ біле аласыздар. Израилдік ғалымдардың аталмыш зерттеуіне жасы 64-тен асқан 35 адам өз еркімен қатысты. Олар күн сайын өтетін гипербарилік оксигенотерапияның 60 сеансын қабылдады. 30-шы және 60-шы сеанстарда, сондай-ақ, курс аяқталғаннан кейін 1-2 аптадан соң ғалымдар тәжірибеге қатысқандардан қан үлгісін алып, мононуклеарлы жасушалар (түрлі иммундық жасушалар) теломерінің ұзындығын қадағалап отырды. Белгілі болғандай, оксигенотерапия T-хелпердегі, цитотоксиндік Т-лимфоциттегі, табиғи киллердегі, В-жасушасындағы теломердің ұзындығын 20 пайыздан аса арттырған. В-жасушасындағы теломер ұзындығы, тіпті, 37 пайызға артқан.

0 пікір
Мұрағат