Үрейлі түстерді жағымды түстерге айналдырудың жолы айтылды
Үрейлі түстерді жағымды түстерге айналдырудың жолы айтылды
1 жыл бұрын 982 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қорқынышты түстердің жиілігін азайтудың бір жолы – «бейнелеу репетициясы» деп аталатын терапияға жүгіну. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қорқынышты түс көрмейтін адам жоқ, алайда, оны тым жиі көру денсаулыққа зиян келтіреді, алдымен адам психикалық ауытқудан зардап шегуі мүмкін. Сомнолог мамандардың айтуынша, соңғы жылдары әлемдегі түрлі саяси, стихиялық, денсаулық (пандемия) факторлары мен оқиғаларына байланысты үрейлі түс көруден психикалық ауытқуға ұшырағандар қарасының артып келе жатыр. Бұрынғы зерттеулерде ғалымдар қорқынышты түстердің жиілігін азайтудың бір жолы репетициялық бейнелеу терапиясы (RTT) арқылы болатынын анықтады - негізінен, сіз қайталанатын сюжеттік желіге (түсіңіздегі оқиға желісіне) ұйықтар алдында ойша қуанышқа бастайтын мазмұн ойлап табуыңыз керек. Швейцария ғалымдары бұл тараптағы зерттеу барысында RTI әсерін адамның өңінде дыбысты (жағымды әуенді) ойнату, содан кейін ұйықтап жатқанда жанындағы ояу адамның оны ойнату арқылы түсті жақсартуға, дәлірегі, аталмыш терапияның тиімділігін арттыруға болатынын анықтады. Ғалымдардың пікірінше, IRT жағдайлардың үштен бірінде дерлік тиімді, сондықтан бұл әдісті дамыту қажет. Бұл бағыттағы тәжірибеге үрейлі түстерге байланысты ұйқы сапасы нашарлаған 40-қа тарта адам қатысты. Олардан екі апта бойы күнделік толтырып, түнде акселерометр киюді сұрады, содан кейін олар IRT курсынан өтті. Аталмыш тәжірибеге қатысушылар кездейсоқ жолмен екі топқа бөлінді: біріншісі – қорқынышты түсінің оң сценарийін ойлаған кезде белгілі бір дыбысты естіді, екіншісі – дыбыстарды естімеді. Келесі екі апта бойы тәжірибеге қатысушыларға ұйқы кезінде бастарына арнайы құрлығыны бекітті. Көз ойнақшып немесе жылдам қимылдайтын ұйқы кезеңін (фазасын) әдетте адамның үрейлі түстер көруімен байланыстырады – құрылғы 10 секунд бойы бір ғана дыбысты шығарумен болған. Тәжірибеге қатысушылар арнайы күнделік жүргізіп, 5 минут бойы үрейлі түстерін жағымды жаққа қарай ойшы бұрып, өздерін жаттықтырумен болды. Екі аптадан кейін зерттеушілер субъектілердің қорқынышты түстер жиілігін талдап, 3 айдан кейін оларды қайта сынап көрді. Осы екі талдаудың арасында зерттелушілер (тәжірибеге қатысушылар) арнайы құрылғыны пайдаланбады және тыныш ұйықтаған. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, екі топта да қорқынышты түс көру жиілігі азайғанымен, дыбысты ойнаған топтың әсері көбірек болған. Мысалы, зерттеудің басында тәжірибеге қатысушылар орташа есеппен аптасына шамамен, яғни, орта есеппен үш қорқынышты түс көретінін хабарлады.

Ұқсас материалдар:

«Орта жастағы үрейлі түстер қауіпті дерттің белгісі болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/orta-jastagy-ureili-tuster-qauipti-derttin-belgisi-bolyp-shyqty-17464/#gsc.tab=0);

«Қорқынышты түстер көрудің басты себебі айтылды» (https://islam.kz/kk/news/qazaqstan/qmdb/qorqynyshty-tuster-korudin-basty-sebebi-aityldy-17170/#gsc.tab=0);

"Адамның қорқынышты түс көруінің бір сыры белгілі болды" (https://islam.kz/kk/news/gylym/adamnyn-qorqynyshty-tus-koruinin-bir-syry-belgili-boldy-14679/#gsc.tab=0);

«Саналы түрде түс көрудің әдісі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/sanaly-turde-tus-korudin-adisi-tabyldy-16705/#gsc.tab=0);

«Түнгі таным: саналы түрде түс көрудің тетігі табылды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tungi-tanym-sanaly-turde-tus-korudin-tetigi-tabyldy-15860/#gsc.tab=0);

«Бизнес өз өнімдерін адамның түсінде жарнамалағысы келеді» (https://islam.kz/kk/news/arturli/biznes-oz-onimderin-adamnyn-tusinde-jarnamalagysy-keledi-15387/#gsc.tab=0);

«Түс – болашақтың хабаршысы (жаңа гипотеза)» (https://islam.kz/kk/news/gylym/tus-bolashaqtyn-habarshysy-jana-gipoteza-15388/#gsc.tab=0);

«Біртүрлі түстер гипотезасы пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/birturli-tuster-gipotezasy-paida-boldy-15314/#gsc.tab=0);

«Адам неге түс көреді? Жаңа гипотеза пайда болды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/adam-nege-tus-koredi-jana-gipoteza-paida-boldy-15234/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат