|
Замануи зерттеу оразаның иммунитетті нығайтатынын дәлелдеді (видео)
|
Оңтүстік Калифорния университеті ғалымдарының таяуда жүргізген зерттеу нәтижесі үш күндік оразаның өзі иммундық жүйені қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар, нығайтатынын көрсетіп берді. Америкалық ғалымдардың алға тартқан тұжырымы бойынша ораза адам организмінің улы әрі зақымдалған жасушалардан арылуға мүмкіндік береді. Осылайша иммундық жүйе түрлі вирустардың шабуылына лайықты деңгейде тойтарыс береді. Геронтология профессоры Вальтер Лонго иммундық жүйенің қалпына келуі үшін ораза ұстаған адамға 3 күн кететінін жеткізді. Ал Чикаго жоғарғы оқу орнының ғалымдары ең ұтымды ораза деп – 16 сағат бойы ауыз бекітіп, 8 сағат әл жинап алуды айтып отыр. Бұл жайында islamnews.ru ақпарат көзі хабарлады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды