Зат алмасу процесін жақсартудың жолы табылды
Зат алмасу процесін жақсартудың жолы табылды
1 жыл бұрын 2342 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Организмнің зат алмасу процесін (метаболизм) жақсартудың жаңа әдісі диетамен немесе белсенді дене қимылымен еш қатысы жоқ, яғни, диета ұстап немесе дене жаттығуын жасап қиналмайсыз. Бұл жайында islam.kz порталы ТСН ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта ғалымдар диета ұстап ашықса да, дене жаттығуын жасап, қара терге түссе де семіздік дертінен құтыла алмағандарға көмектесуі мүмкін әдісті ұсынып отыр. Артық салмақтан зардап шегетін 40 пен 75 жас аралығындағы 14 ер мен әйелдің жай-күйін зерттеу үшін ғалымдар оларды арнайы жабық камераға орналастырды. Онда тыныс алу жиілігі 40 сағат бойы өлшенген. Мұндай қадағалау өз кезегінде ғалымдарға тәжіриеге қатысушылардың ояу және ұйықтау кезінде калорияларды жағу жылдамдығы мен уақыты сияқты факторларды анықтауға мүмкіндік берді. Бұл бағыттағы тәжірибені екі кезеңге бөлді: біреуі табиғи жарықты имитациялады – жарқыраған күндізгі сәт пен көз байлана бастаған ымыртты; ал екіншісінде бұл тізбекті өзгертіп көрді. Екі сеанста да тәжірибеге қатысушылар түнгі қараңғылықта ұдайы тамақтанумен болды, осылайша калория мен макронутриет мөлшерін қалыпты деңгейін сақтады. Триглицеридтердің, инсулиннің, мелатониннің және глюкозаның (олардың барлығы зат алмасу процесінде, яғни, метаболизмде рөл атқарады) деңгейін анықтау үшін таңғы және кешкі ас алдында, содан кейін төрт сағат бойы 30 минуттық интервалмен (аралықтан соң) қан үлгілері алынды. Зерттеу нәтижесінде күнді кешкі күңгірт жарықта өткізумен салыстырғанда күндізгі жарықта уақыт өткізу кешкі ас алдында қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге әкелетіні анықталды. Керісінше, кешке жарқыраған жарық ұйқы кезінде зат алмасу жылдамдығының төмендеуіне әкелді, яғни, тәжірибеге қатысушылар бірдей мөлшерде тамақтанды, алайда, ұйқы кезінде аз калорияларды жағып жіберді. Табиғи жарық пен қараңғылық циклін имитациялау үшін ішкі жарықтандыру жағдайларын өзгерту метаболикалық денсаулықты жақсартуға уәде береді, деп айтлған зерттеу қорытындысында.

0 пікір
Мұрағат