|
Ерекше мешіт ашылайын деп жатыр
|
Түркия астанасындағы Есертепе деп аталатын жаңа мешіт көп ұзамай ашылады. Оның ерекшелігі - 6 қабаттан тұратындығы. Бұл жайында islam.kz порталы Ihlas News Agency (IHA) ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Анкара қаласының Кешироен ауданында тұрғызылған осынау мұсылмандардың құлшылық үйі әлеуметтік желіде танымал ғибадат ғимаратына айналып үлгерді. Бір қарағанда, көп пәтерлі тұрғын үйді көз алдыңа әкелетін мешіт құрылысы табаны күректей 11 жыл бойы жүргізілген. Десе де түрік қоғамында мұндай жаңашылдықты қабылдай алмайтындар мешіт сәулетін сынға алып, наразылығын білдіріп жатыр. Астыңғы қабаттарында қасиетті Құран оқу курсы жүргізілетін болатын. Ал намаз оқитын орын жоғары қабаттарды орналасқан.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді