Әйел үстіне әйел алудың (полигамия) конституцияға қаншалықты сай келетіні сарапталады
Әйел үстіне әйел алудың (полигамия) конституцияға қаншалықты сай келетіні сарапталады
2 жыл бұрын 1030 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үндістанның жоғарғы соты елдегі кей мұсылмандардың көп әйел алуына байланысты түскен арыз-шағым бойынша әйел үстіне әйел алудың конституцияға қаншалықты сай келетінін сараптамадан өткізіп жатыр. Бұл жайында islam..kz порталы Hindustan Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. 5 сот өкілінен тұратын конституциялық алқа Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиядан, Әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиядан және көп әйел алу мәселесі бойынша азшылықтар істері жөніндегі ұлттық комиссиядан куәлік сұрады және қыркүйекте жаңа тыңдау процедурасын өткізеді. Бір қызығы, мұсылмандар арасында кездесіп қалатын көп әйел алу тәжірибесіне қарсы сотқа Киран Сингх бастаған 5 үнді әйелі жүгінген. Олардың уәжі бойынша әйел үстіне әйел алу Үндістанның қылмыстық кодексіне қайшы келеді, осыған орай көп әйел алуға заңнамалық деңгейде тыйым салуды талап етіп отыр. Сөз орайы келгенде 2017 жылы Үндістанның жоғарғы сотының ажырасуға байланысты талақ айту жоралғысын қылмысқа жатқызғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат