Көрінбейтін QR-код пайда болды (видео)
Көрінбейтін QR-код пайда болды (видео)
8 ай бұрын 880 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Массаcучет технологиялық институтының (Massachusetts Institute of Technology, MIT) ғалымдары BrightMarker деп аталатын маркілеудің жаңа жүйесін әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тег тек инфрақызыл жарықта ғана көрінеді. Бұл жүйе өз кезегінде пандемия кезінде кеңінен тараған кәдімгі QR-кодқа қарағанда әлдеқайды қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Ақ-қара шаршы белгі адамның қолдануына қолайлы болғанымен қауіпсіздігі сын көтермейді, Бұл белгіні алаяқтар өздерінің арам мақсаттарына пайдаланып жатады. Ал BrightMarker жүйесі бұл олқылықтың орнын толтырады. Аталмыш технология қандай да бір нысанға оны жасалу барысында белгі салуды ұйғарады. Ол үшін флуоресцентті материал пайдаланылады. Мұндай белгі нысанның сипаты мен функциясына еш әсерін тигізбейді. Мұндай белгіні табу немесе тану үшін смартфонмен немесе VR гарнитурымен бірге қолдануға болатын бірнеше аппарат әзірленді. BrightMarker технологиясын бірнеше жағдайда пайдалануға болады. Көзге көрінбейтін тегтің көмегімен нысанның шынайылығын анықтап, оның қайда тасымалданатынын қадағалауға болады. BrightMarker жүйесінің бір кемшілігі – оны үш өлшемде басып шығарылған нысандарда ғана қолдануға болады. Бұл жайт өз кезегінде оны пайдалану аясын шектейді.

0 пікір
Мұрағат