Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған екі кәсіпорын
3 жыл бұрын 2069 halaldamu.kz
АҚТӨБЕ: "ХАЛАЛ НҰР" ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Ақтөбе қаласындағы "Альжанов"кәсіпорнының мұздатылған жартылай дайын өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Дамудың" Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Абдусаламов табыстады.

"Халал Нұр" сауда белгісімен шығарылатын өнімдер "Мал бауыздау және ет өңдеу", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Ақтөбе қаласындағы іссапар барысында "Халал Дамудың" бас сарапшы технологы Айжан Омарова мен инспектор-контролер Жарасхан Абдусаламов кәсіпорынның өндіріс аумағында ревизорлық бақылау шараларын жүргізіп, қызметкерлерге  дініміздегі халалдың маңызы, халал өнімдер технологиясы төңірегінде оқу-семинар шараларын жүргізді.

"Халал Нұр" мұздатылған жартылай дайын өнімдерінің толықтай тексерістен өткендігін және  "Халал Даму" бекіткен халал стандарт талаптарына сай екендігін хабарлаймыз. Кәсіпорынға берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі:  1.06.2021-31.05.2022 ж

ҚАРАҒАНДЫ: «6inch KARAGANDA 1» ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ 

Қарағанды шаһары тағы бір халал сертификатын иеленген мекемемен толықты. Бұл жолы «6inch Karaganda 1» ЖШС фаст-фуд өнімдері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.

Мекеме «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарына сай деп танылып, "Халал Дамудың" Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов толық тексерістен өткізіп, "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады. Сертификаттаудан өткізу барысында дәмханада бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп, өнімдер толықтай зертханалық тексерістен өткізілді. Аталмыш дәмхана өнімдері «ҚМДБ халал» стандартына сай, халал екенін хабарлаймыз!

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  баспасөз қызметі

 

 

 

0 пікір
Мұрағат