Туристер қаптап баратын ірі мегаполистерде ағаш тапшылығы қайтты байқалуда
Туристер қаптап баратын ірі мегаполистерде ағаш тапшылығы қайтты байқалуда
2 жыл бұрын 1544 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Gonzalo Fuente / Reuters

Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған осы тақырыптағы материалымызда (қараңыз: «Орман жердегі ауа температурасын 15%-ға салқындатады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/orman-jerdegi-aua-temperaturasyn-15-ga-salqyndatady-15596/#gsc.tab=0);«Ағаш неғұрлым көп отырғызылса, жаңбырдың да соғұрлым көбірек жауатыны белгілі болды» (https://islam.kz/kk/news/arturli/agash-negurlym-kop-otyrgyzylsa-janbyrdyn-da-sogurlym-kobirek-jauatyny-belgili-boldy-15484/#gsc.tab=0) атат өткеніміздей, жаһандық жылынуға байланысты, соның ішінде антрапогендік факторлар бойынша атмосферадағы парникті газдың кері әсерін азайтуда жасыл желектің, соның ішінде ағаштың маңызы зор. Бұл жайында islam.kz порталы Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып баратын еуропалық қалаларда, атап айтқанда, Парижде ағаш тапшылығы қатты сезілуде. Франция астанасы аумағының тек 10 пайызы ғана ағашпен көмкерілген. Ал бұл көрсеткіш Лондонда 33 пайыз болса, Ослода 68 пайызға жетеді. Мәселен, туристер қаптап баратын Париждегі Опера Гарне маңындағы алаңдағы ауа температурасы биылғы жазда Целсия бойынша 56 градусқа жеткен. Көлеңкедегі ауа температурасы Целсия бойынша 28 градусты көрсеткен. Мамандадың айтуынша, көлеңкелі саясы бар ағаштар желдің соғуына ықпал етіп, аптап ыстықтан қорғануға мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары мен меймандары жылу стресінен азырақ зардап шегетін болады. Осыны ескерген Париж билігі 2026 жылға дейін қала аумағында 170 мың ағаш отырғызуды көздеп отыр.

0 пікір
Мұрағат