|
Ұлыбритания 10 мың босқын баланы қабылдауға ниеттеніп отыр
|
Ұлыбритания 2020 жылға дейін жиырма мыңдай сириялық босқынды қабылдауға ниеттеніп отыр. Олардың жартысын балалар құрамақ. Бұл жайында Британияның премьер-министрі кеңсесінен мәлім болды. Бұрындары халықаралық құқық қорғаушы іргелі ұйымдар британиялық билікті босқындарды қабылдағысы келмейтіні үшін сынға алған болатын. Талай мәрте. Өткен жылдың желтоқсан айында белгілі болғандай, Франция аумағында Ұлыбританияға өтуге рұқсат алуды күткен 1900-ге жуық босқын бала болған. Осы уақытқа дейін олардың тек 750-і ғана Ұлыбританияға өткен. Жуырда ғана Ұлыбритания Еуропадағы босқын балаларға арнап, қор құрғандарын мәлім еткен еді. Осы мақсатта 10 милн фунт-стерлинг қаржы бөлген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Америка әлемде алғашқы болып криптовалюта кепілдігімен ипотека берді
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Еуропа ғылымы ізгілікке бір табан жақындай түсті
■
Пентагонның ресми танылатын діндер тізімі 180 наным-сенімге қысқарды
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты