Урбанизацияға жұтылып кетпеген байырғы халықтардың бірі (фото)
Урбанизацияға жұтылып кетпеген байырғы халықтардың бірі (фото)
4 жыл бұрын 5181 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандану ұлттық ерекшеліктердің «аражігін» жойып келеді. Мәдениеттер түрленуден қалып, түбегейлі өзгерістерді бастан кешіріп жатыр. Өмір сүру құндылықтары белгілі бір қалыпқа құйылып, ортақ стандарттарға көшуде. Естелікке айналып, жадыда мық шегедей қағылып қалуы үшін бірегей көріністерді таспаға тартып алудан өзге қайран жоқ...

Фотограф Кьяра Фелмини (Chiara Felmini) – саяхатшы фотограф. Ол табанынан таусылып, әлемнің әр түкпірінде жүріп, әлі саф күйін сақтаған байырғы халықтардың қайталанбас болмыс-бітімін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін қолтаңбаға айналдырып, келешекке аманаттап кетпекші. Оның ауған аумағында қиыр жайлап, шет қонған этникалық қырғыздардың тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін фотоларын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Уақыт тоқтап қалған әлемнің бір түкпірінде – аңызға айналған әйгілі жиһангер Марко Поло кезінен қазақтың кербұғысы атанаған Оралхан Бөкей суреттегендей «мұнар түнеп, бұлт көшкен таудың» басында өмір сүріп жатқан байырғы халықтың өмірінен сыр шертеді.

0 пікір
Мұрағат