|
Ертісті ластаған алпауыт компанияға ірі көлемде айыппұл салынды
|
«ҚазЦИНК» мемлекетке 4 млрд теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді. Кәсіпорын қоршаған ортаға осыншама сомаға залал келтіргені анықталып отыр.
Мамыр айының соңында «Қазцинк» -тің қалдық сақтайтын қоймаларында апат болып, улы сұйықтық Шығыс Қазақстандағы үлкенді-кішілі өзендерге құйылған еді. Экологтардың есептеуінше, сұр түсті сұйықтық бір ғана Ертістің 25 шақырымына жайылған. Салдарынан өңірдегі өзендердегі мыстың мөлшері 18, мырыш 16, марганец 9 есеге артыпты. Алпауыт кәсіпорын апат орнын жөндегенше қоршаған ортаға 394 мың текше метр техникалық қалдық су ағып кеткен. Енді осы олқылық үшін «Қазцинк» 30 күн ішінде 4 млрд 56 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды