|
Пайғамбар жасына жеткенде дүниеден озды
|
«Ислам және өркениет» газетінің бас редакторының бірінші орынбасары Ескендір Тасболаттың әкесі дүниеден озды. Алла Тағала Құранда: «Әрбір жан иесі өлім дәмін татады. Сосын біз жаққа қайтарылады» («Ғанкәбүт» сүресі, 29:57) – деген. Ажал айтып келмейді. Ескендір бауырымыздың әкесі пайғамбар жасына жетіп, қасиетті Рамазан айында мына дүниемен қоштасып отыр. Бұл жайында Ескендір өзінің фейсбук парақшасындағы естелігінде жазады.
Қайғыны бөліссең азаяды демекші, біз де портал ұжымы атынан Ескендір бауырымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Әкеңіздің жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Иманы жолдас болғай! Алла Тағала мейіріміне бөлеп, жәннаттан орын бұйыртсын! Әмин!
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады