Шымкентте әкімдік пен ҰҚК ғимаратын “жармақ” болған тұрғын тұтқындалды
Шымкентте әкімдік пен ҰҚК ғимаратын “жармақ” болған тұрғын тұтқындалды
9 жыл бұрын 2819 nur.kz

Шымкентте намазхананы жауып тастағаны үшін ызаланып, әкімдік пен ҰҚК ғимаратын “жармақ” болған ер адам тұтқындалды.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық соты 11 шілде күні Қылмыстық Кодекcтің 273-бабы бойынша күдікті деп танылған М. Абдрахмановты 2 айға қамауға алуға бұйрық берді. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.

“Күдікті М. Абдрахманов 08.07.2015 жылы сағат 11-00 шамасында Шымкент қаласы, Темірлан тас жолында орналасқан “Автонұр” базарына барып, сол жердегі “Намазхананы” Шымкент қаласының әкімдігі мен ҰҚК-і бірігіп жапқанына ызаланып, сол күні сағат 14-00 шамасында Шымкент қаласының әкімдігі алдына келіп, өзінің ұялы телефонынан 102 сымтетігі арқылы қоңырау соққан. Ол “Автонұр” базарындағы намазхананы тез арада ашпаса, Шымкент қалалық әкімдігі және ҰҚК ғимараттарын жаратыны жөнінде жалған хабарлама жасаған”, – делінген хабарламада.

Іс бойына тергеу амалдары жүргізілуде. Қаулы заңды күшіне енген.

1 пікір
  • "Жармақ болған" деген сөз дұрыс емес мына жерде. Мынаны оқып отырып: "əлгі адам аталмыш ғимараттарға мина орналастырып, сосын соны іске қосамын" деп телефон соққандай айтылған. Бұның орысшасын оқысаңыз мəселе басқа. Бұл жерде "Самаркантты су алды"-ның кебіні байқалады. Сондықтан аударғанда нақтылыққа мəн беріңіздер, халықтың басқалай түсініп қалмауына назар аудару керек. Бізден ескерту.
    9 жыл бұрын
Мұрағат