Жаһан: Үш адам тірідей жанып кетті
Жаһан: Үш адам тірідей жанып кетті
9 жыл бұрын 4521

Жол-көлік апатына кінәлі BMW жүргізушісі тұтанған көлігін тастай қашты, көлік ішінде қалып қойған оның үш досы тірідей жанып кетті. Бұл жайында «LifeNews» ақпарат көзі хабар таратты. Алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, көлік жүргізушісі жылдамдықты тым арттырып жіберген. Нақтырақ айтқанда, көлік жүргізушісі мен тағы бір адам көлік отқа оранғанда салоннан шығып үлгерген. Ал артқы салонның есігі ашылмайтындықтан үш адам өрттен қашып құтал алмай қалды. Артынан белгілі болғандай, BMW маркалі көлігінің иесі 47 жастағы Мәскеу қаласының тұрғыны болып шықты. Алайда, бұл көлікті оның ұлының айдап жүргеніне біршама уақыт өткен. 1994 жылы дүниеге келген ұлы көлікті сағатына 130 шақырым қашықтықты алатын жылдамдықпен айдап, рөлге ие бола алмай қалған да апатқа ұшыраған.  Дәлірегі, қоршауға барып соғылған. Көлік сол кезде тұтанған екен. Кінәлі тұлға қолға түсті. Ол қазіргі уақытта қатаң күзетпен емханада жатыр. Оның үстінен «екі немесе одан да көп кісі өліміне апарып соқтырған жол ережесін бұзды» және «қиын-қыстау сәтте тастап кетті» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Аса қуатты ядролық қару сынақтан өтті

АҚШ-тың Әскери әуе күштері мен осы елдің ядролық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық әкімшілігі (NNSA) жетілдірілген B61 ядролық бомбасын сынақтан өткізді. Бұл термоядролық әрі стратегиялық қару Невада шөлінде сынақтан сәтті өтті. NNSA ы хабарлағандай, жаңартылған аталмыш қарудың қуаты 50 килотонға жетеді. B61 бомбасын жасау өткен ғасырдың 1961-ші жылы қолға алынған. Қазіргі уақытта B61 бомбасының барлық өндірісі 3155 дананы құрайды. Оның шамамен 150-і стратегиялық бомба, 400-ге жуығы стратегиялық емес боеприпас болып табылады, ал тағы 200-дейі резервте тұр. 2000 жылы Ресей Федерациясы мен АҚШ арасында бекітілген СНВ-III келісімшартына сәйкес ядролық қарудың жалпы санын 1500-ге дейін кеміту жоспарланған болатын.

 

Экзотикалық жемістерден жасалған мәмпәсиден мың жарымнан аса адам уланып қалды

Филиппиннің Оңтүстік Суригао провинциясында «дуриана» деп аталатын экзотикалық жемістен жасалған мәмпәсиді жеген бірнеше қаланың тұрғындары (олардың дені мектеп оқушылары) уланып қалды. Олар бастары айналып, жүректері айнып, өздерін жайсыз сезінген. Нәтижесінде 1,3 мыңнан аса оқушы емханаға жатқызылды. Мәмпәсиден уланғандар арасында мұғалімдер де бар. Олардың дені бастауыш сынып оқушылары. Осы оқиғаға кінәлі деп танылған 12 адам тұтқындалды. Айта кетейік, дуриан Malvaceae ағаштар тұқымынан өсіп-өнетін, қабығы тікенді болып келетін, Оңтүстік Азияның барлық түкпірінде өсіп-өнетін әрі «жеміс-жидек патшасы» атанған экзотикалық жеміс түрі. Исі өткір болғандықтан оны қоғамдық орындарда алып жүруге тыйым салынған. Бұл жайында «rian.com.ua» ақпарат көзі хабар таратты.

 

Крест жорығы кезіндегі қамалды жарып тастады

Сирияның солтүстігінде орын тепкен Алеппо қаласындағы 1986 жылы ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген қамалдың қабырғасына қуатты жарылыстың салдарынан зақым келді. Бұл жайында Сириядағы адам құқығының сақталуын қадағалау кеңесі мәлім етті. Бұл қамал біздің дәуіріміздің 944-ші жылы салынған болатын. Крест жорығы кезінде ол крест жорықшыларының, енді бірде мұсылман жасақтарының қамалына айналып отырған.

0 пікір
Мұрағат