Мұрат Әбенов бөлтіріктердің аяусыз қорланғаны бейнеленген видео жариялады
Мұрат Әбенов бөлтіріктердің аяусыз қорланғаны бейнеленген видео жариялады
9 жыл бұрын 4744

Видеодан белгісіз үш жігіттің даладан табылған алты бөлтірікті қорлап өлтіргенін көруге болады. Олар бөлтіріктерді әуелі камераға түсіріп, кейін жануарлардың аяқтарын сындырып, жерге таптап тастайды. Осыдан кейін жігіттердің үлкені жауарларды "турап тастауға" бұйрық береді. Олардың қолдарында күрек пен пышақ бар. Видеоны ұялы телефонға түсіріп тұрған төртінші жігіт кадрдан тыс қалды.

Видеоның қай жерде түсірілгені белгісіз. Видео алғашында 11 шілде күні ақтөбелік қолданушы Руайти Кэйзэтаның парақшасында пайда болды. Видео Ақтөбеде түсірілген болуы мүмкін.

Инернет қолданушы Аманқос Мектеп-тегі бұл жағдайға байланысты өз пікірін білдірді: Дереу қылмыстық іс қозғау керек. Табиғатқа қол көтеру жақсылықтың белгісі емес. Бұлар түр-келбетіне қарағанда қытай ұлтының өкілдері сияқты. Бөрі - қазақтың төтемдік атасы. Бөрінің тұқымын қорлау арқылы қазаққа сес көрсету емеуріні байқалады.

4 пікір
  • Алла тагаланын мейiрiмiнен кур калган байгустар,алланын алдына барганда жагдайлары не болар екен.
    9 жыл бұрын
  • Жауыздар. Сұмдық, адам азғындалса айуаннан бетер деген бекер емес екен ғой.
    Алла жазасын берсін.
    9 жыл бұрын
  • Казак жерiндегi кытайларды бiр тунде кошiрiп жiберсе жаным тынышталар едi,кытайлар каптап келедi,болашагым ушiн аландаймын,ата-бабаларымыз айткан екен кара кытай каптаса акырзаман болады деп
    9 жыл бұрын
Мұрағат